Кентау қаласына қарасты елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласының әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 5 мамырдағы № 422 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 8 мамырдағы № 278 шешiмi

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кентау қаласының келесі елді мекендерінің шекаралары белгіленсін:

      1) Кентау қаласының қалалық аумағының шекарасының жалпы алаңы 7714,30 гектар болып белгіленсін;

      2) Қарнақ ауылы Қарнақ елді мекені шекарасының жалпы алаңы 2285,20 гектар болып белгіленсін;

      3) Қарнақ ауылы Құсшыата елді мекені шекарасының жалпы алаңы 299,76 гектар болып белгіленсін;

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі Ж. Тасов
      Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қ. Елеусизов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады