Тауарларды таңбалау және қадағалау мақсаттары үшін тауарларды іріктеу өлшемшарттарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 21 мамырдағы № 192-НҚ бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 93) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тауарларды таңбалау және қадағалау мақсаттары үшін тауарларды іріктеу өлшемшарттарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықтың қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне хабарлама жіберуді;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрі
А. Шаққалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министірінің бұйрықпен
бекітілген

Тауарларды таңбалау және қадағалау мақсаттары үшін тауарларды іріктеу өлшемшарттарының тізбесі

Р/с

Өлшемшарттар

Бағалау

Коэффициенті

1.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарларды сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалаудың болуы

өлшемшартқа сәйкестігі - 5 балл;
өлшемшартқа сәйкессіздік - 0 балл

3

2.

Көлеңкелі экономиканың болуы

өлшемшартқа сәйкестігі - 5 балл;
өлшемшартқа сәйкессіздік - 0 балл

3

3.

Акцизделетін өнім

өлшемшартқа сәйкестігі - 5 балл;
өлшемшартқа сәйкессіздік - 0 балл

2

4.

Тұтынушы қаптамасының немесе тауар белгісінің болуы

өлшемшартқа сәйкестігі - 5 балл;
өлшемшартқа сәйкессіздік - 0 балл

3

5.

Тауар өндірісін мемлекеттік қолдау шараларының болуы

өлшемшартқа сәйкестігі - 5 балл;
өлшемшартқа сәйкессіздік - 0 балл

2

6.

Қоғамдық, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздік

өлшемшартқа сәйкестігі - 5 балл;
өлшемшартқа сәйкессіздік - 0 балл

3

7.

Орындалушылық

өлшемшартқа сәйкестігі - 5 балл;
өлшемшартқа сәйкессіздік - 0 балл

2

      Тауарларды сәйкестендіру және қадағалау құралдарымен таңбалау мақсаттары үшін тауарларды іріктеу өлшемшарттарын қолдану жөніндегі түсініктеме осы Тізбеге қосымшада көзделген.

  Тауарларды таңбалау және
қадағалау мақсаттары үшін
тауарларды іріктеу
өлшемшарттарының тізбесіне
қосымша

Тауарларды таңбалау және қадағалау мақсаттары үшін тауарларды іріктеу өлшемшарттарын қолдану бойынша түсініктеме

      1. Тауарлар тауарларды таңбалау және қадағалау мақсаттары үшін тауарларды іріктеу өлшемшарттары бойынша екі кезеңмен бағаланады:

      1) әрбір өлшемшарт бойынша тауарды бағалау балды коэффициентке көбейту жолымен жүзеге асырылады және қорытынды мәндер қосылады;

      2) таңбалауды енгізудің басымдылығын және тауарлардың қадағалануын айқындау жинақталған баллдарға сәйкес жүзеге асырылады, мұнда жинақталған баллдардың ең жоғары сомасы таңбалауды енгізудің және тауарлардың қадағалануының ең жоғары басымдығына сәйкес келеді.

      Қорытындысы бойынша тауарларды таңбалау мен қадағалаудың басымдылық дәрежесі айқындалады:

      40-85 ұпай – жоғары басымдық;

      15 – 39 ұпай – орташа басымдық;

      0-14 ұпай – төмен басымдық.

      Тауарларды таңбалау мен қадағалауды енгізудің жоғары немесе орташа басымдығы бар тауарлар Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35129 болып тіркелген) бекітілген Таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілуге жатады.

      3. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарларды сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалаудың болуы" өлшемшарты бойынша тауар мынадай шарттардың бірі қанағаттандырылған жағдайда осы өлшемшартқа сәйкес деп танылады:

      1) тауар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесінде көрсетілген тауарлар тобына жатады;

      2) тауар олардың заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында таңбалануға және қадағалануға жататын тауарларға жатқызылады.

      Егер тауар аталған шарттардың бірін қанағаттандырмаса, онда ол "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарларды сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалаудың болуы" өлшемшартына сәйкес келмейді деп танылады.

      4. "Көлеңкелі экономиканың болуы" өлшемшарты бойынша бағалау мынадай тәсілдер негізінде айқындалады:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден (бұдан әрі –елдер) Қазақстан Республикасына импорт пен Қазақстан Республикасына экспорттың ресми статистикалық ақпаратын салыстырмалы талдау;

      2) статистикалық сәйкессіздіктерді талдау.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ақпараттағы алшақтық пайызы Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі көлеңкелі экономика деңгейінің көрсеткіші ретінде қаралады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастырылған Қазақстан Республикасына импорттың және Қазақстан Республикасына басқа елдерден экспорттың ресми статистикалық ақпараты, сондай – ақ сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бұдан әрі-Қаржымині) деректері пайдаланылады.

      Қазақстан Республикасына импорттың және Қазақстан Республикасына басқа елдерден экспорттың ресми статистикалық ақпаратын салыстырмалы талдау кезінде мынадай себептер бойынша туындаған сәйкессіздіктер ескерілмейді:

      тауарды жөнелтуші елдегі экспортқа жөнелту күні мен қабылдаушы елдегі импортты тіркеу күні (ауыспалы жеткізілімдер) арасындағы уақыт аралығының болуы;

      екі елдің кәсіпкерлік субъектілерінің тауарды жөнелту және тағайындау елдері туралы ақпаратты ұсынуындағы айырмашылықтар;

      Қазақстан Республикасында және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттерде сыртқы сауда мәмілелері туралы деректерді ұсынбаған немесе толық емес ақпаратты ұсынған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың болуына байланысты өзара сауда бойынша ресми статистикалық ақпаратты қамтудың толық қамтымау;

      импорттаушы тауар бағасын бағалары экспорттаушы бағаларынан өзгеше шетелдік делдалдардан алынған құжаттар бойынша көрсеткен кездегі баға айырмашылықтары;

      тауарды кодтаудағы айырмашылықтар.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген статистикалық алшақтықтарды талдау негізінде бағалау тауарларды ел ішінде өткізу кезінде көлеңкелі экономика деңгейін айқындау үшін жүргізіледі және мынадай формула бойынша орындалады:

      1) нарық көлемі – белгілі бір нарықта, белгілі бір уақыт кезеңінде, белгілі бір жағдайларда тауардың қанша мөлшерін өткізуге болатынын көрсететін ақшалай не заттай мәндегі шама.

      E=Ө+И-Э,

      мұнда:

      Е – нарық көлемі, ақшалай / заттай мәнде;

      Ө – өндіріс, ақшалай / заттай мәнде (ҰСБ деректері бойынша, ал олар болмаған кезде – басқа көздерден);

      И – импорт, ақшалай / заттай мәнде (ҰСБ, Қаржыминінің деректері бойынша);

      Э – экспорт, ақшалай / заттай мәнде (ҰСБ, Қаржымині деректері бойынша);

      2) бөлшек сауда өндірісі, импорты, экспорты және көлемі бойынша статистикалық алшақтықтарды салыстыру негізінде көлеңкелі нарық көлемін айқындау:

     


      мұнда:

      Е – нарық көлемі, ақшалай / заттай мәнде;

      К – саудадағы көлеңкелі айналым көлемі;

      БСК – бөлшек сауда көлемі (ҰСБ деректері бойынша);

      Ү – саудадағы үстеме баға (ҰСБ деректері бойынша, ал олар болмаған кезде сараптамалық бағалау негізінде).

      Статистикалық алшақтықтарға талдау жүргізу кезінде ҰСБ әзірлеген тауарларды өндіруде, импорттауда және экспорттауда статистиканы жүргізу кезінде қолданылатын анықтамалықтар мен жіктеуіштер арасындағы "өтпелі" кілттер пайдаланылады.

      "Е"-нің "БСК"-дан едәуір асып кетуі нәтижесінде "К"-нің оң мәні бөлшек саудадағы көлеңкелі айналымның басым көзін көрсетеді. "БСК"- ның "Е"-ден едәуір асып кетуі нәтижесінде "К"-ның теріс мәні тауарларды импорттау немесе өндіру кезінде көлеңкелі айналымның басым көзін көрсетеді.

      Егер Қазақстан Республикасына импорттың және Қазақстан Республикасына басқа елдерден экспорттың ресми статистикалық ақпаратын салыстырмалы талдау нәтижесінде тауар импортында немесе оның ел ішіндегі айналымында көлеңкелі экономиканың болуын анықтауға мүмкіндік берсе, онда тауар "Көлеңкелі экономиканың болуы" өлшемшартына сәйкес деп танылады.

      5. Тауарды Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген акцизделетін өнім санатына жатқызуды айқындаудың "Акцизделетін өнім" өлшемшарты бойынша бағалау.

      Егер тауар акцизделетін өнімге жататын болса, онда тауар "Акцизделетін өнім" өлшемшартына сәйкес деп танылады.

      6. "Тауардың маржиналдылығы" өлшемшарты бойынша бағалау ҰСБ деректері негізінде тауарға сауда үстемесінің шамасын айқындау жолымен жүзеге асырылады. Егер сауда үстемесі тауар құнының 15 (он бес) пайызынан асатын болса, онда тауар "Тауардың маржиналдылығы" өлшемшартына сәйкес деп танылады.

      7. "Тұтыну қаптамасының немесе тауар жапсырмасының болуы" өлшемшарты бойынша бағалау тауарды шығару нысанын айқындау жолымен жүргізіледі.

      Егер тауар тұтынушылық қаптамада (қорап, пакет, бума, науа, банка, бөтелке, флакон, ампула, бөшке, кега, қап, туба, блистер, контейнер, баллон, жәшік және басқа да физикалық сыйымдылық) шығарылса немесе тауар белгісі болса, онда тауар осы тармақта көрсетілген өлшемшартқа сәйкес деп танылады.

      8. "Қоғамдық, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздік" критерийі бойынша бағалауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттер мен іс-шараларды орындау процесінде жүргізеді.

      Егер ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті талдау қорытындылары бойынша Мемлекеттік орган тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау арқылы қоғамдық, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін белгілесе, онда тауар "қоғамдық, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздік" өлшемшартына сәйкес деп танылады.

      9. "Инфляциялық маңыздылығы" өлшемшарты бойынша бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 135 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15872 болып тіркелген) бекітілген Тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтер бағасын байқау бойынша әдістемеге (бұдан әрі – Әдістеме) 1-қосымшада тауардың бар-жоғын айқындау жолымен жүзеге асырылады.

      Егер тауар Әдістемеге 1-қосымшада көрсетілсе, онда тауар "Инфляциялық маңыздылық" өлшемшартына сәйкес деп танылады.

      10. "Қоғамдық, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздік" өлшемшарты бойынша бағалауды мемлекеттік органдар "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүргізілетін сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау мен қадағалауды енгізудің орындылығын талдау процесінде жүргізеді.

      Егер мемлекеттік орган тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды және қадағалауды енгізудің орындылығы мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті талдау қорытындылары бойынша тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалап отыру арқылы қоғамдық, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігін белгілесе, онда тауар "Қоғамдық, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздік" өлшемшартына сәйкес деп танылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады