Биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 27 наурыздағы № 148-НҚ бұйрығы

      "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Биржалық тауарлар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауданы дамыту департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда жіберу;

      2) осы бұйрықты қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің хабарламасы;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
міндетін атқарушы
А. Бижанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 27 наурыздағы
№ 148-НҚ Бұйрығына қосымша

Биржалық тауарлардың тізбесі

Топ

Тауар

Тауарлардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды*

Тауарларды жеткізу партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасы арқылы ғана жүзеге асырылады

Тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын тауардың ең төменгі үлесі және аталған міндет қолданылатын субъектілердің санаттары

1

Энергия тасығыштар

Көмір

Тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері**

2701


Келесі өндірістік жылға ішкі нарыққа ай сайын бөлу жоспарланған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жалпы жылдық көлемінің 52%. Жер қойнауын пайдалануға (көмір кесіндісі, көмір шахтасы) және (немесе) көмірді қайта өңдеуге (байытуға) арналған келісімшартқа сәйкес өндіруді жүзеге асыратын көмір өндіруші.

Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір**

2702


Келесі өндірістік жылға ішкі нарыққа ай сайын бөлу жоспарланған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жалпы жылдық көлемінің 50%.
Жер қойнауын пайдалануға (көмір кесіндісі, көмір шахтасы) және (немесе) көмірді қайта өңдеуге (байытуға) арналған келісімшартқа сәйкес өндіруді жүзеге асыратын көмір өндіруші.

2

Ауыл шаруашылығы өнімдері

Бидай және меслин

Бидай және меслин

1001 19 000 0, 1001 91 900 0, 1001 99 000 0


Алдыңғы айда биржадан тыс сауда алаңында өткізілген бидайдың нақты санының 5%. Астықты экспорттайтын астық нарығының субъектісі. Астықты ішкі нарықта өткізетін астық нарығының субъектісі (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні қоспағанда).

Қант

Қант

1701

60 тонна


Арпа

Арпа

1003 10 000 0, 1003 90 000 0


Алдыңғы айда биржадан тыс сауда алаңында өткізілген бидайдың нақты санының 5%. Астықты экспорттайтын астық нарығының субъектісі. Астықты ішкі нарықта өткізетін астық нарығының субъектісі (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні қоспағанда).

Өзге картоп, жаңа піскен немесе салқындатылған


0701 90 900 0

1000 тонна


Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшыраған мақта талшығы


5203 00 000 0

600 тонна


3

Минералды өнімдер

Боялмаған немесе боялған, дайын немесе күйдірілген цемент тасы нысанында портландцемент, глиноземдік цемент, қож цемент, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер


2523

60 тонна


4

Мұнай өнімдері

битум

мұнай битумы

2713 20 000 0


Ағымдағы өндірістік жылдың ішкі нарығына жеткізуге жоспарланған битумның жалпы жылдық көлемінің 10%-ы. Өзіне меншік құқығымен тиесілі көмірсутек шикізатынан өндірілген битумды өндіруші, битумның меншік иесі.

автомобиль бензині***

октан саны 92 немесе одан көп (зерттеу әдісі бойынша)

2710 12 413 0



автомобиль бензині***

октан саны 95 немесе одан көп, бірақ 98 аз (зерттеу әдісі бойынша)

2710 12 450 0



автомобиль бензині***

октан саны 98 немесе одан көп (зерттеу әдісі бойынша)

2710 12 490 0



реактивті қозғалтқыштарға арналған отын***

реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

2710 19 210 0



дизель отыны***

жазғы дизель отыны

2710 19 421 0



дизель отыны***

қысқы дизель отыны

2710 19 422 0



дизель отыны***

арктикалық дизель отыны

2710 19 423 0



дизель отыны***

маусымаралық дизель отыны

2710 19 424 0



дизель отыны***

өзге дизель отыны

2710 19 425 0



5

Көміртек бірліктері

көміртегі квотасының бірлігі****


2811 21 000 0



офсетінің бірлігі*****


2811 21 000 0



      Ескертпе:

      * – ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;

      ** – көрсетілген міндет көмір өндіретін компаниялардың коммуналдық-тұрмыстық көмірді жергілікті атқарушы органдар айқындайтын операторларға олардың кейіннен халыққа жеке пайдалануы үшін өткізуіне қолданылады;

      *** – тауар биржалары арқылы өткізілетін автомобиль бензинін, дизель отынын және реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды өткізу көлемін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 7-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін беру жоспарының шеңберінде белгілейді.

      **** - тауар биржалары арқылы өткізілуге жататын көміртегі квоталарының көлемін Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 289-бабының 9-тармағына сәйкес квоталау субъектісі айқындайды.

      ***** - тауар биржалары арқылы өткізілуге жататын офсеттік бірліктердің көлемін жобаның өтініш берушісі Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 298-бабының 7-тармағына сәйкес айқындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады