Елтай ауылдық округі Елтай ауылындағы көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 20 қаңтардағы қорытындысы негізінде және Елтай ауылы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Елтай ауылдық округі Елтай ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      Қазақстан - 1 шағын ауданының №5 атауы жоқ көшесіне Садық Досанов көшесі;

      Қазақстан - 1 шағын ауданының №7 атауы жоқ көшесіне Ғұбайдолла Кәукен көшесі;

      Қазақстан - 1 шағын ауданының №9 атауы жоқ көшесіне Құспан Салықов көшесі;

      Қазақстан - 2 шағын ауданының №5 атауы жоқ көшесіне Зәкім Махметов көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Елтай ауылдық округінің әкімі Д. Сариев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады