Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Махамбет ауылы тұрғындарымен өткізілген 2025 жылғы 31 қазандағы № 16 хаттамасы және облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 20 қантарындағы № 2 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданындағы № 43 атауы жоқ көшеге "Төлеуғали Қашаубаев", Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданындағы № 44 атауы жоқ көшеге "Хамза Қашауов", Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданындағы № 45 атауы жоқ көшеге "Адай Есенғалиев" атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ауылдық округ әкімінің уақытша міндетін атқарушы |
Т. Бертлеуов |