Көшеге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 7 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бейбарыс ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 20 қаңтардағы қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Бейбарыс ауылдық округі, Бейбарыс ауылындағы атауы жоқ № 3 көшеге “Зинеш Кенжеғұлов”, № 4 көшеге “Хайролла Тұқпашев”, № 5 көшеге “Сабыр Сайбалиев” атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі С. Зулхашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады