Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі Явленка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 17 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Явленка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі Явленка ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

      40 лет Победы көшесі - Сабыржан Бектасов көшесіне;

      К.Цеткин көшесі - Достық көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Н. Сисенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады