Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" ЖШС-нің 2026 жылғы 3 ақпандағы өтініші негізінде, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы аумағында орналасқан, электрмен жабдықтау нысандарына және тарайтын әуе желілеріне қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 0,0790 га, жалпы ұзындығы 4,915 км жер учаскесіне "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
1) жалпы ауданы 0,0310 га жер учаскесіне, ЖТҚС 2-2 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 1,97 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
2) жалпы ауданы 0,0120 га жер учаскесіне, ЖТҚС 2-3 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 0,84 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
3) жалпы ауданы 0,0300 га жер учаскесіне, ЖТҚС 2-6 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 1,755 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
4) жалпы ауданы 0,0060 га жер учаскесіне, ЖТҚС 2-10 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 0,35 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі | А. Әржікеев |
