"Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы" Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 04 мамырдағы № 53 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 65 шешімі

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы" Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 04 мамырдағы № 53 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,1949 гектар жер учаскесіне су құбыры ғимараттарының алаңы бар мал шаруашылығы кешеніне дейін сумен жабдықтау желілерін салу үшін 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Новоишим ауылдық округінің әкімі А. Букпин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады