"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Петропавл қаласы халқының пікірін ескере отыра, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Петропавл қаласының жаңа шағын ауданына "Бірлік" атауы берілсін.
2. Петропавл қаласы "Бірлік" шағын ауданының келесі құрамдас бөліктеріне мынадай атау берілсін:
№ 1 көшеге – Кеңдала көшесі;
№ 2 көшеге – Бастау көшесі;
№ 3 көшеге – Ақсай көшесі;
№ 4 көшеге – Атамекен көшесі;
№ 5 көшеге – Ботай көшесі;
№ 6 көшеге – Көкжар көшесі;
№ 7 көшеге – Тұран көшесі;
№ 8 көшеге – Жетісу көшесі;
№ 9 көшеге – Ақжайлау көшесі;
№ 10 көшеге – Аламан көшесі;
№ 11 көшеге – Мирас көшесі;
№ 12 көшеге – Мерейлі көшесі;
№ 13 көшеге – Қазына көшесі;
№ 14 көшеге – Дәстүр көшесі;
№ 15 көшеге – Шаттық көшесі;
№ 16 көшеге – Арман көшесі;
№ 17 көшеге – Байтақ көшесі;
№ 18 көшеге – Ырыс көшесі;
№ 19 көшеге – Медеу көшесі;
№ 20 көшеге – Ортақ көшесі;
№ 21 көшеге – Азаттық көшесі;
№ 22 көшеге – Жайлы көшесі;
№ 23 көшеге – Серуен көшесі;
№ 24 көшеге – Бәйтерек көшесі;
№ 25 көшеге – Домбыралы көшесі;
№ 26 көшеге – Шапағат көшесі;
№ 27 көшеге – Келешек көшесі;
№ 28 көшеге – Алатау көшесі.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" және "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешіміне қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды.
4. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы | М. Тасмағанбетов |
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы | С. Сұрағанова |