Павлодар облысының жеке меншік білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 19/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 6 қарашадағы № 251 бірлескен бұйрығы және Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 192, Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № А-11/584, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 233, Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 42-бн/қ, Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 247, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 277, Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 230, Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 353, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 241, Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 63/01, Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 2, Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 211, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 42-нқ, Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 294/1, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 297, Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 1, Ұлытау облысының 2025 жылғы 11 қарашадағы № 91/05, Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 107/4130, Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 4/733 және Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы "Жеке меншік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың 2025-2026 оқу жылына арналған жаңа тетігі" пилоттық жобасы туралы" № 6167 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысының жеке меншік орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 жылдарға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының қоса берілген көлемі бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Облыс әкімі А. Байханов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2025 жылғы "___" ___________
№ _________ қаулысымен
бекітілді

Павлодар облысының жеке меншік орта білім беру ұйымдарына 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Жеке меншік орта білім беру ұйымының атауы
 
 
Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

НШ ТОО Общеобразовательная школа "Лидер"

97

51 999

2

ТОО "Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы Екібастұз ғылым мектебі"

578

60 870

3

ТОО "Частная школа "Лингва"", г. Павлодар

36

51 999

4

ТОО "ОК "ДеТвоРа" (начальная школа), г. Павлодар

362

51 999

5

ТОО "Частная общеобразовательная школа №1 "Академия Успеха", г. Павлодар

217

51 999

Барлығы: 1290


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады