Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің "Азаматтық қорғау органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2021 жылғы 3 маусымдағы № 264 және "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2021 жылғы 3 маусымдағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 31 мамырдағы № 285 бұйрықтарының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 13 шiлдедегi № 273 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) "Азаматтық қорғау органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 264 бұйрығының;

      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 285 бұйрығының күші жойылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенат
Ш. Әрінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады