"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қарағанды қаласы әкімдігінің:
""Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №15/65;
"Қарағанды қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №15/65 ""Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 6 тамыздағы №32/105 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
| М. Кожухов |
| Қарағанды қаласы әкімдігінің 2026 жылғы "22" қыркүйек № 65/01 қаулысымен бекітілген |
"Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы билік саласында басшылықты жүзеге асыратын, Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – әкімдік) және Қарағанды қаласы әкімінің қызметін қамтамасыз ететін, сондай-ақ Қарағанды қаласы әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Аппарат ұйымдық-құқықтық нысанында мемлекеттік мекеме болып табылатын заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Аппарат өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қарағанды қаласының әкімі бекітетін әкім шешімдерінің, өкімдерінің және әкімдік қаулыларының жобаларын ресімдейді, сондай-ақ Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, индексі 100012.
9. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Аппарат қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Аппаратқа Аппараттың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, алынған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
12. Мақсаттары:
1) Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) өкілеттіктері шегінде атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақтың даму мүдделері мен қажеттіліктерімен ұштастыра отырып іске асыруды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
3) Қарағанды қаласы әкімінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қарағанды қаласы әкімінің құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттер.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің мүдделерін білдіру;
құзыреті шегінде сұрау салулар жіберу және Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды алу;
Қарағанды қаласының аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына өз құзыреті мәселелері бойынша қажетті тапсырмалар беру (келісу бойынша);
тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау.
14. Функциялары:
1) Қарағанды қаласының әкіміне азаматтар мен ұйымдарды құқықтық қорғаудың тиімді мемлекеттік тетігін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
2) Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз ету;
3) Қарағанды қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріндегі атқарушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізу;
4) Қарағанды қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша соттарда Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің мүдделерін білдіру және қорғау, бақылау-қадағалау органдарының актілерін қарау;
5) құқық бұзушылықтардың профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
6) Қарағанды қаласы әкімдігінің отырыстарын, Қарағанды қаласы әкімінің және оның орынбасарларының жанындағы кеңестерді, семинарлар мен өзге де іс-шараларды дайындауды және өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру, кеңестердің материалдары мен хаттамаларын ресімдеуді және таратуды жүзеге асыру;
7) Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, облыстық басқармалар, қалалар мен аудандар әкімдіктері тарапынан орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
9) нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің іс жүргізуін, оның ішінде құпия іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу;
10) әкімнің, Қарағанды қаласы әкімдігі мүшелерінің тапсырмасы бойынша құзыреті шегінде тексерулер жүргізу, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды адамдарды тыңдау және олардан жазбаша түсініктемелер талап ету;
11) Аппараттың мемлекеттік қызметшілері мен Қарағанды қаласы бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын даярлау және қайта даярлауды үйлестіру;
12) Аппараттың мемлекеттік қызметшілері мен Қарағанды қаласы бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
13) мемлекеттік мекеме ақпараттандыру деңгейін арттыру және жүйелерін дамыту жөніндегі жұмысты жүргізу;
14) мемлекеттік наградалармен, Қарағанды қаласы әкімінің грамоталарымен наградтауға ұсыну үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, Қарағанды қаласы әкімінің жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;
17) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сайлау өткізу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық дайындықты және іс-шараларды жүзеге асыру;
19) жобалық қызметтің тиімді өзара іс-қимылы мен үйлестірілуін қамтамасыз ету;
20) мемлекеттік құпияларды қорғау;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
15. Аппаратқа басшылықты Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
16. Аппараттың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарағанды қаласының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
17. Аппараттың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Аппараттың мүддесін білдіреді;
2) Аппараттың жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
3) Аппарат туралы ережені, оның құрылымы мен штат саны жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және оларды бекіту үшін әкімдік отырысына енгізеді, еңбекақы төлеу қорының үнемделген қаражаты шегінде мемлекеттік қызметшілерді материалдық көтермелеуді (сыйлықақыларды) белгілейді;
4) ішкі еңбек тәртібін белгілейді, құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады, олар туралы ережелерді бекітеді, Аппарат бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Аппарат қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартады;
6) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;
7) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
8) Аппарат қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
9) әкімдік қаулыларының, Қарағанды қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әкімнің қол қоюына ұсынады;
10) әкімдік қабылдаған қаулылардың, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
11) мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмыс жүргізуді бақылайды;
12) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
13) қызметкерлерді іссапарларға жібереді;
14) азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
15) қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалардың және басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;
16) әкім жүктейтін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайды.
Аппараттың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін жүзеге асыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адамға жүктеледі.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Аппарат заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін.
Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен қалыптастырылады.
22. Аппаратқа бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Аппарат өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзгеше тәсілмен оған билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.