Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 224 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр генерал-лейтенант Ш. Әрінов

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2026 жылғы 16 маусымдағы
№ 224 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 528 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңы 100-бабының 3 және 4-тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңы 5-бабының екінші бөлігіне, 20-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Заңының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңы 100-бабының 3 және 4-тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңы (бұдан әрі - Заң) 5-бабының екінші бөлігіне, 20-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Заңының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 5-бабының 5-тармағына сәйкес сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер беру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) аппарат басшысына, Комитеттер төрағалары мен төрағаларының орынбасарларына, ТЖМ аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, ТЖМ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық органдарының басшыларына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшілеріне, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері командирлеріне (бұдан әрі – әскери бөлімдер) және жоғары басшы құрамдағы (жоғары офицер құрамдағы) адамдарға;

      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі - ТЖМ аппаратының және Комитеттерінің орта, аға басшы құрамына (офицерлік құрамына) (осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген лауазымдарды қоспағанда), ТЖМ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық органдар басшыларының орынбасарларына;

      3) ТЖМ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық органдары басшылары - ТЖМ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарының, сондай-ақ ТЖМ қалалық, аудандық (қалалардағы аудандар) аумақтық органдарының қатардағы, кіші, орта және аға басшы құрамдағы (офицерлік құрамдағы) адамдарға, ТЖМ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларына;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасында:

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мынадай мазмұнда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын конгревті көтеру: Мемлекеттік Елтаңба астындағы "қоламен" орындалған, "ТЖМ-МЧС", сондай-ақ қызметтік куәліктің қосымша парақшасының сол жағындағы тік бұрышты жиек бойымен өтетін "ТЖМ-МЧС" мәтіні;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қызметтік куәлікті беретін кадр қызметі қосымша парақта мынадай мазмұнда жазба жазады:

      1) сол жағында:

      қызметтік куәліктің сериясы мен нөмірі;

      қызметкерлерге (әскери қызметшілерге) арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы (департаменттің, қызметтің атауы көрсетілмей, өзіндік қауіпсіздік бөлімшелерінен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық органдары, сондай-ақ қалалық, аудандық (қалалардағы аудандар) аумақтық органдарының басшылығынан басқа) көрсетіледі – барлығы мемлекеттік тілде;

      орта, аға және жоғары басшы құрамдағы (офицерлік және жоғары офицерлік құрамдағы) адамдарда олардың жеке нөмірі қойылады;

      қолданылу мерзімі көрсетіледі;

      2) оң жағында:

      қызметтік куәліктің сериясы мен нөмірі;

      қызметкерлерге (әскери қызметшілерге) арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы (өзіндік қауіпсіздік бөлімшелерінен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық органдары, сондай-ақ қалалық, аудандық (қалалардағы аудандар) аумақтық органдарының басшылығынан басқа Департаменттің, қызметтің атауын көрсетпей) – барлығы орыс тілінде.".

      2. "Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 34 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығының мазмұнында:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының деңгейін айқындау;

      9) қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау.";

      8-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіптік) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Қызметкерлер мен әскери қызметшілер кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтан мынадай дәлелді себептермен босатылады:

      1) кезекшілікте (нарядта), еңбек демалысында, іссапарда болуы, сырқаты бойынша қызметте болмауы;

      2) төтенше жағдайларды (өртті, су тасқынын, дүлей және техногендік зілзалаларды) жою бойынша жедел штабтың жұмысына қатысу;

      3) орындаудың қысқа мерзімдерімен ерекше маңызы бар және күрделілігі бар тапсырмаларды (құжаттарды) орындау;

      4) медициналық тексеруден өтуге (куәландырудан) және (немесе) дәрігердің қабылдауында болу.

      Осы тармақта көрсетілген мән-жайлар құжатпен расталуы тиіс (бұйрықтар, қызметтік жазбалар, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақтар).

      Осы Қағидалардың осы тармағында аталған тұлғалар өткен материалды өз бетінше зерделейді және кәсіби қызметтік дайындық жөніндегі дәптерлерге конспектілерді енгізеді.";

      8 тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Кәсіби қызметтік дайындық шеңберінде сабақтар қызметкерлер мен әскери қызметшілердің қатысуымен акт залдарында, оқу (дәріс) сыныптарында (кабинеттерде) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіби қызметтік дайындық жөніндегі дәптерлерде әр қызметкер мен әскери қызметшінің конспектілер жүргізе отырып дәріс түрінде дәріс түрінде өткізіледі";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Арнайы, әлеуметтік-құқықтық және саптық дайындық (практикалық сабақты қоспағанда) бойынша ТЖД, ТЖБ(Б) өрт сөндіру (мамандандырылған) бөлімдерінің, бекеттердің, жасақтарының қызметкерлерімен және әскери қызметшілерімен қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы сабақтар өткізуге жол беріледі.";

      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары кадр қызметіне немесе жауынгерлік дайындық бөлімшесіне ұсынылатын материалдарды сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.";

      18, 19 және 20-тармақтар алып тасталсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Кәсіби қызметтік дайындық процесінде пайдаланылатын материалдар кадр қызметінде немесе жауынгерлік дайындық бөлімшелерінде электрондық ақпарат тасығыштарда (дискілер, есте сақтау құрылғылары, қатты дискілер) сақталады.";

      25-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      26-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      26-1, 27, 28, 29, 30, 31, 32 және 33-тармақтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3 және 4-тараулармен толықтырылсын:

      "3-тарау. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығының деңгейін айқындау тәртібі

      34. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының деңгейін айқындау үшін мынадай тексерулер жүргізіледі:

      1) аралық тексеру – мамыр-маусым айларында;

      2) қорытынды тексеру - қараша-желтоқсан айларында;

      3) инспекторлық тексеру – кешенді, бақылау және қорытынды тексерулер шеңберінде.

      35. Тексеру:

      1) кәсіби қызметтік дайындық бойынша – қызметкерлер мен әскери қызметшілердің арнайы және әлеуметтік-құқықтық дайындықтан өткен тақырыптарды білуге арналған тестілеуді (бұдан әрі - тестілеу) тапсыру;

      2) кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша - қызметкерлер мен әскери қызметшілердің осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру нысандарында жүргізіледі.

      36. Қызметкерлер мен әскери қызметшілер тексерулерден мынадай дәлелді себептер бойынша босатылады:

      1) кезекшілікте (нарядта), еңбек демалысында, іссапарда болуы, сырқаты бойынша қызметте болмауы;

      2) төтенше жағдайларды (өртті, су тасқынын, дүлей және техногендік зілзалаларды) жою бойынша жедел штабтың жұмысына қатысу.

      Осы тармақта көрсетілген мән-жайлар құжатпен расталуы тиіс (бұйрықтар, қызметтік жазбалар, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақтар, кезекшілік кестелері).

      Осы тармақта көзделген дәлелді себептер бойынша кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы бойынша тексеруге қатыспаған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қызметке шыққаннан соң бір ай ішінде тексеруден өтеді.

      Бұл ретте, медициналық мекемелер беретін медициналық анықтамалардың негізінде дене шынықтырудан босатылымы бар қызметкерлер мен әскери қызметшілер медициналық анықтамалардың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап бір ай ішінде кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша тексеруден өтеді.

      37. Тестілеу қызметкерлер мен әскери қызметшілердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қағаз форматта жүргізіледі.

      38. Кадр қызметі немесе жауынгерлік дайындық бөлімшесі құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп тестілеу сұрақтарын дайындайды.

      39. Тестілеуді өткізу алдында кадр қызметі немесе жауынгерлік дайындық бөлімшесі тестілеуді өткізу туралы нұсқама өткізеді.

      40. Қызметкерлерге және әскери қызметшілерге тестілеуден өту кезінде:

      1) қабылдаушы, таратушы электрондық құрылғылар мен байланыс құралдарын алып жүру және пайдалануға;

      2) кәсіби қызметтік дайындық материалдарын пайдалануға;

      3) басқа адамдармен сұрақтарға кеңестер алу немесе беру мақсатында келіссөздер жүргізуге жол берілмейді.

      41. Осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген талаптар бұзылған жағдайларда еркін нысанда акт жасалына отырып, тестілеуден өтудің қанағаттанарлықсыз нәтижесін бере отырып, қызметкерлер мен әскери қызметшілер одан әрі тестілеуден шеттетіледі.

      42. Арнайы және әлеуметтік-құқықтық дайындықтан өткен тақырыптарды білуге арналған тест сұрақтарының саны – 20 сұрақты құрайды.

      43. Тестілеудің жалпы уақыты - 30 минут.

      44. Тестілеу нәтижелерін кадр қызметі немесе жауынгерлік дайындық бөлімшесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада береді, тестілеу нәтижелерінің бір данасы қызметкерге немесе әскери қызметшіге беріледі, екіншісі кадр қызметінде немесе жауынгерлік дайындық бөлімшесінде сақталады.

      45. Тестілеу шегі дұрыс жауаптардың кем дегенде 50% құрайды.

      46. Егер тестілеу бойынша қызметкер немесе әскери қызметші шекті мәнге ие болмаса, онда тестілеу өтпеген болып есептеледі.

      47. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша тексеру осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындауы арқылы жүргізіледі.

      48. Қызметкерлер мен әскери қызметшілерді кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша тексеру кезінде нормативтерді қабылдауды осы Қағидалардың 22-тармағында аталған қызметтер кадр қызметінің қатысуымен жүзеге асырады.

      Қызметкерлер мен әскери қызметшілер орындайтын міндеттердің ерекшелігін ескере отырып нормативтерді орындау кезінде осы Қағидаларға 9 - қосымшаға сәйкес кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілер санаттарына бөлінеді.

      49. Нормативтерді орындау кезінде қызметкерлер мен әскери қызметшілер оларды мынадай тәртіппен орындайды:

      1) ерлер:

      60 немесе 100 метрге жүгіру немесе қайтармалы жүгіру;

      1000 метр қашықтыққа жүгіру;

      кешенді күш жаттығулары немесе тартылу;

      шабуыл сатысымен 4-қабаттың терезесіне көтерілу немесе орнатылған

      жылжымалы сатымен оқу мұнарасының 3-қабатының терезесіне көтерілу;

      2) әйелдер:

      60 немесе 100 метрге жүгіру немесе қайтармалы жүгіру;

      1000 метр қашықтыққа жүгіру;

      кешенді күш жаттығулары;

      құтқару арқанын конструкцияға төрт тәсілдің бірімен бекіту.

      50. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша жеке бағалауы мынадай тәртіппен қойылады:

      "өте жақсы" - егер барлық бағалар "өте жақсы" болса немесе екі "өте жақсы" және бір "жақсы" болса;

      "жақсы" - бір "өте жақсы" және екі "жақсы" баға, бір "өте жақсы" баға, екіншісі "жақсы" және үшіншісі "қанағаттанарлық", немесе екі "өте жақсы" және бір "қанағаттанарлық" баға немесе екі "қанағаттанарлық" баға немесе екі "жақсы" баға және бір баға "қанағаттанарлық" немесе барлық бағалар "жақсы";

      "қанағаттанарлық" - егер бір баға "жақсы" және екі баға "қанағаттанарлық" болса немесе барлық бағалар "қанағаттанарлық" болса;

      "қанағаттанарлықсыз" – егер нормативтердің біреуінен "қанағаттанарлықсыз" деген баға алынса.

      Өрт-құтқару дайындығы бойынша бағалау кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомосіне жазыла отырып, жеке қойылады.

      51. Егер нормативтердің бірі бойынша қызметкер немесе әскери қызметші "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған жағдайда, қалған нормативтер бойынша алынған бағаларға қарамастан, қызметкер немесе әскери қызметші белгіленген нормативтерді тапсырмаған болып есептеледі.

      52. Кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомосі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, онымен қызметкерлер мен әскери қызметшілер қол қойып танысады.

      53. Тестілеу бойынша шекті мәнге ие болған және кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді сәтті тапсырған қызметкерлер мен әскери қызметшілер кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы бойынша тексеруден сәтті өтті деп есептеледі.

      Тестілеу бойынша шекті мәнге ие болмаған және (немесе) кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырмаған қызметкерлер мен әскери қызметшілер кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының тексеруінен өтпеген болып есептеледі.

      4-тарау. Кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығы бойынша тексеру қорытындылары бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау тәртібі

      54. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы бойынша тексеру қорытындылары қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау үшін негіздердің бірі болып табылады.

      Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау тәртібі "Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 252 бұйрығына сәйкес айқындалады;

      осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидаларына 7-қосымша

      Нысан";

      осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын;

      5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидаларына 9-қосымша

      Нысан";

      6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидаларына 10-қосымша

      Нысан".

      3. "Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дербес деректерін қамтыған жеке істерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 13 қарашадағы № 411 Ж/Қ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дербес деректерін қамтыған жеке істерін жүргізу қағидаларында:

      Қағидаларға 2-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 104 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттарында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – ТЖД) бастықтарының бірінші орынбасарларының, орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі білім беру ұйымы (бұдан әрі – ТЖМ) бастығының орынбасарларының, ТЖМ орталық аппараты мен ведомстволары қызметкерлерінің компьютерлік тестілеуден өтуін ТЖМ орталық аппаратының кадр қызметі ұйымдастырады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары, кезеңдері және мерзімдерінде:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ТЖМ (бұдан әрі - ТЖД) - ТЖД аттестаттау комиссиясының отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы;".

      5. "Азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 211 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңы 5-бабының екінші бөлігіне, 31-бабының 1-тармағына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 169) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесінде:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Министрліктің астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – ТЖД) бастығы, оның бірінші орынбасары және орынбасары;".

      6. "Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 252 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларында:

      3-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - ТЖМ) аппаратының, ТЖМ ведомстволарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, ТЖМ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі - ТЖМ ТЖД) бастықтарына және олардың орынбасарларына, ТЖМ-ның оқу орнының бастығына және оның орынбасарларына, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің командирлеріне (бұдан әрі – әскери бөлімдер) және олардың орынбасарларына қатысты – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (бұдан әрі – Министр) немесе оның міндеттерін атқарушы;"

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін беру кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының аралық және (немесе) қорытынды тексеру қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығына аралық және қорытынды тексеру "Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 34 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қызметкерлер мен әскери қызметшілерге мынадай сыныптық біліктіліктер:

      1) "2-сыныпты маман" - құқық қорғау қызметінде, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметте, әскери қызметте (мерзімді әскери қызметті қоспағанда) кемінде үш жыл жұмыс өтілі (бұдан әрі – қызмет өтілі) бар және кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының аралық немесе қорытынды тексеруінен сәтті өткен қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;

      2) "1-сыныпты маман":

      "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі берілгеннен кейін АҚО-да кемінде екі жыл қызмет өтілі бар және кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының аралық немесе қорытынды тексеруінен сәтті өткен қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;

      сыныптық біліктілігі жоқ қызметкерлер мен әскери қызметшілерге, бұл ретте мемлекеттік қызметте кемінде он жыл жұмыс өтілі және (немесе) қызмет өтілі бар және кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының аралық немесе қорытынды тексеруінен сәтті өткен қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;

      3) "1-сыныпты маман - тәлімгер (шебер)" - "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі берілгеннен кейін АҚО-да кемінде екі жыл қызмет өтілі бар және кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының аралық немесе қорытынды тексеруінен сәтті өткен қызметкерлер мен әскери қызметшілерге беріледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Аралық және (немесе) қорытынды тексеру аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде АҚО-ның кадр қызметтері немесе жауынгерлік дайындық бөлімшелері Беруге үміткерлердің тізімдеріне қосылған қызметкерлер мен әскери қызметшілердің осы Қағидалардың 10, 11, 12 және 13-тармақтарының талаптарына сәйкес келуін зерделейді және сәйкес келген жағдайда, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілік беруге рұқсат етілген қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімін (бұдан әрі – Біліктілік беруге рұқсат етілгендердің тізімі) қалыптастырады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін бір сатыға төмендету мынадай жағдайлардың бірінде жүргізіледі:

      1) қызметке толық сәйкес еместігi туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану;

      2) атқаратын лауазымынан босату (лауазымын бір сатыға төмендету) түрінде тәртіптік жаза қолдану;

      3) арнаулы атағын төмендету (әскери атағын бір сатыға төмендету) түрінде тәртіптік жаза қолдану;

      4) қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының қорытынды тексеруінен өтпеу;

      5) қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының қорытынды тексеруіне дәлелсіз себептермен келмеу.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Осы Қағидалардың 21-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген жағдайларда сыныптық біліктілігі төмендетілген немесе алынып тасталған қызметкерлер мен әскери қызметшілер сыныптық біліктілігі төмендетілген немесе алынып тасталған күннен бастап алты ай өткен соң бұрынғы сыныптық біліктіліктеріне баянат негізінде калпына келтіріледі.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 21-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайда сыныптық біліктілігі төмендетілген немесе алынған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын алдағы аралық және (немесе) қорытынды тексеруден сәтті өткеннен кейін бұрынғы сыныптық біліктіліктеріне қалпына келтіріледі.

      Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың бұйрығына қол қойылған күн сыныптық біліктілікті қалпына келтіру күні болып есептеледі.

      Сыныптық біліктіліктегі қызмет мерзімі сыныптық біліктілікті төмендету немесе алып тастау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үзiледi және біліктілік сыныбын қалпына келтiру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қалпына келтiрiледi.".

      7. "Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасын, айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 4 шiлдедегi № 266 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің нысанды киімі сипаттамасы, айырым белгілері, сондай-ақ оны киіп жүру қағидаларында:

      23-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) арнаулы – төтенше жағдайларды жою бойынша іс-шараларды жүргізу кезінде, оқу-жаттығуларда, жауынгерлік және жедел кезекшілікте, оқу орталықтарындағы сабақтарда, жауынгерлік техникамен сабақтарда, арнайы міндеттерді орындау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі - Министр) немесе астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар аумақтық органдары басшыларының нұсқауы бойынша күнделікті қызмет кезінде киеді.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ордендер:

      "Отан";

      "Барыс";

      "Даңқ";

      "AL-FARABI";

      "QOJA AHMET YASAUI";

      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев";

      "Мейірім";

      "Айбын";

      "Парасат";

      "Достық";

      "Ел бірлігі";

      "Құрмет";

      "Еңбек Даңқы".

      Орден белгісін иық таспасына тағу кезінде ол оң иықтан өтеді. Бұл орденнің жұлдызы кеуденің сол жағында, ордендердің сол жағында орналасқан. Ордендер мен медальдардың орнына марапатталған адамдар белгіленген үлгідегі наградалар нышандарын тағуы мүмкін;

      2) медальдар:

      "Ерлігі үшін";

      "Жауынгерлiк ерлігі үшін";

      "Ерен еңбегі үшін";

      "Шапағат".".

      8. "Азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 329 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің тәртібінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиялары (бұдан әрі – тұрғын үй комиссия) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органда (бұдан әрі – ТЖМ), астананың. облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық органдарында, сондай-ақ ТЖМ-нің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінде (бұдан әрі – мемлекеттік мекемелер) құрылатын, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалық орган болып табылады.".

  Өзгерістер мен толықтырулар
  енгізілетін кейбір бұйрықтардың
  тізбесіне 1-қосымша
Азаматтық қорғау органдары
  қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің кәсіби
  қызметтік (кәсіби) және дене
шынықтыру дайындығын
ұйымдастыру қағидаларына
1-1-қосымша
Нысан

      (Титул парағы)

Кәсіби қызметтік (кәсіби) дайындық дәптері

_________________________________________________________________

(қызметкердің немесе әскери қызметшінің лауазымы, атағы, Т. А. Ә. (бар болса))

      Ескертпе:

      1. Дәптерді азаматтық қорғау органдарының әрбір қызметкері мен әскери қызметшісі жүргізеді.

      2. Дәптерге арнайы, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық, саптық дайындықтары бойынша дәрістер түрінде өткізілген барлық теориялық сабақтар, саптық, дене шынықтыру және өрт-құтқару дайындықтары бойынша практикалық сабақтарды қоспағанда, жазылады.

      3. Конспектілер әрбір қызметкердің және әскери қызметшінің жазуымен толтырылады, бұл ретте әрбір өткен тақырып бойынша конспектілердің көлемі кемінде 2 бетті құрауы тиіс.

      4. Оқу жылының соңында дәптерлер азаматтық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшелерінде сақталады.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 2-қосымша
Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің кәсіби
қызметтік (кәсіби) және дене
шынықтыру дайындығын
ұйымдастыру қағидаларына
8-қосымша

     


     


  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 3-қосымша
АҚО қызметкері мен әскери
қызметшісінің дербес деректерді
қамтитын жеке істерін жүргізу
Қағидаларына 2-қосымша
Нысан

      Міндеттеме

      Мен,

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16 және 17-баптарына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес АҚО қызметкері (әскери қызметшісі) бола отырып, Ескертілді: өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, партияларда, кәсіптік одақтарда болуға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөз сөйлеуге құқығы жоқ, құқық қорғау органдарының жүйесінде еңбек, сондай-ақ өз мүшелерінің басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау және еңбек жағдайларын жақсарту үшін олардың кәсіби мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құру; педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметтен басқа ақылы қызметпен айналысу; кәсіпкерлік қызметпен айналысу, оның ішінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға қатысу заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға; материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға; ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға; лауазымдық өкілеттіктерін атқаруға байланысты материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету жеке және заңды тұлғалардың қызметтерімен жеке; өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсатта, оның ішінде лауазымды тұлғалармен және өзге де тұлғалармен сөз байласу жолымен пайдалануға; жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымды атқаруға; мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызмет; мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе шығару мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану.

      Бұдан басқа Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға; адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ заңды құқықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүдделерін міндеттенемін; "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде" белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау; берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру; қызметтік және еңбек тәртібін сақтау; құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулерді және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға; Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының) талаптарын сақтауға; Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің Әдеп кодексі басшылардың заңды бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға міндетті; мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде құқық қорғау қызметі тоқтатылғаннан кейін де заңда белгіленген уақыт ішінде сақтауға, бұл туралы жазылым беріледі; заңдарда көзделген қызметтік міндеттерін атқару кезінде Қазақстан Республикасы азаматының жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін мәліметтерді құпия сақтауға және олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге; мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету; менің жеке мүдделерім қиылысатын немесе менің өкілеттіктеріме қайшы келетін жағдайларда жазбаша нысанда баянат беру және тікелей және уәкілетті басшыны дереу хабар беру; өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру; мемлекеттік қызметтің мүдделеріне зиян келтіретін көпшілік алдында сөз сөйлеуге жол бермеу; тікелей басшыға Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш берген күні хабарлау оның өтініштері; тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына табыс туралы, салық салу объектісі болып табылатын мүлік туралы декларация ұсынуға; "Құқық қорғау қызметі туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен лауазымға кіргеннен кейін бір ай ішінде құқық қорғау (әскери) қызметін өткеру уақытына коммерциялық ұйымдардың меншігіндегі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) және пайдалануы коммерциялық ұйымдардың меншігіндегі өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге оған заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ өзге де мүлікті қоспағанда, кірістер алуға әкеп соғады, мүліктік жалдауға берілген; мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін нотариат куәландырған күннен бастап он күн мерзімде кадр қызметіне ұсынсын. Тараптардың бірінің мүлкін сенімгерлікпен басқаруға арналған шарт бұзылған жағдайда, бұл туралы бір ай мерзімде кадр қызметіне хабарлауға, ал сенімгерлікпен басқаруға беруге жататын мүлік шарт бұзылғаннан кейін бір ай мерзімде шарттың нотариат куәландырған көшірмесін жұмыс орны бойынша кадр қызметіне ұсына отырып, қайтадан сенімгерлікпен басқаруға беруге; лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде бейтарап болуға саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз; маған белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылыққа дереу жеткізу; АҚО ақпараттық ресурстарымен жұмыс істеу процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

      20 __ жылғы "___" _____________ Қолы __________________________

      Кадр қызметінің қызметкері (жұмыскері) ___________________________

      20 __ жылғы "____" _____________ Қолы __________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады