Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 12 мамырдағы № 6-ш шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35–бабына және "Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 70 бұйрығына сәйкес Федоров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Capital Partners Astana" жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылдық округі, Федоров ауылы мекенжайы бойынша орналасқан жалпы ауданы 16,5276 гектар жер учаскесіне Федоров ауылының автоматты газ тарату станциясынан Пешков және Владыкинка ауылдары бағытында газ құбырларын салу үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б. Бакитжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады