ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 157 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну қағидаларында:
2-тармақтың 4) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
"Салалық қорытындыны тиісті жергілікті атқарушы органдар береді, оған жетекшілік ететін әкімнің орынбасары (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) қол қояды.";
1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. "Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдаланылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 181 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдаланылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларында:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) атқарушы агенттік – байланысты емес гранттардың пайдаланылуын мониторингтеу процесін жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың);";
8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Барлық деңгейдегі мәслихаттар аппараттарының өтінімдері тиісті облыстар (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің өтінімдерінде көрсетіледі.".
3. Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
А. Әмрин |
