"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 18 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 44 қаулысы

      Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 18 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді".

      2. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      2) осы қаулыны Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру қамтамасыз етілсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдау.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі М. Жұрқабаев

      Әкімдіктің мүшелері:

      ________________ Н. Абилкаиров

      ________________ Т. Булатов

      ________________ М. Сокитбаев

      ________________ К. Уразбаев

      ________________ А. Лагушина


      "Ұзынкөл ауданы әкімінің

      аппараты" мемлекеттік мекемесінің

      заң бөлімінің басшысы

      ______________________ Б. Октябр


      "Ұзынкөл ауданы әкімінің

      аппараты" мемлекеттік мекемесінің

      құжаттамалық қамтамасыз ету

      бөлімінің басшысы

      _____________________ Е. Савкина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады