ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ҚАРАСУ АУДАНЫ ҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ |
| АКИМ КАРАСУСКОГО СЕЛЬСКОГО ОКРУГА КАРАСУСКОГО РАЙОНА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ |
ШЕШІМ | РЕШЕНИЕ | |
2026 жылғы 10 наурыз Қарасу ауылы | № 2 |
Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, "Aзаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы" № 240 бұйрығына, Қарасу ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 1 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимараты (Қарасу ауданы, Қарасу ауылдық округі, Қарасу ауылы, Рамазанов көшесі, 2-үй мекенжайы бойынша орналасқан) объектідегі объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып өзімді тағайындаймын.
3. "Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 6 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратылады.
Қарасу ауылдық
округінің әкімі М. Беккулинов

