Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамаларын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес, және Денисов ауданы аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 3 хаттамасының негізінде, Денисов ауданының Аршалы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Аудандық маңызы бар КР-DS-12 "Аршалы-Набережное" автомобиль жолының 4 шақырымында Аршалы ауылдық округіндегі объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніне басшылықты өзіме қалдырамын.
3. "Аршалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау бланкісіне ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін;
2) осы шешімді Денисов ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамсыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның бірінші күнінен кейін қолданысқа енгізіледі, 2026 жылдың 28 наурызынан бастап пайда болған қарым-қатынастарға өз әсерін таратады.
| Аким | А. Тюлешов |