Лисаков қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 236 шешімі.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-3-бабының 1-тармағына, "Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелді) сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Лисаков қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшері айына пайдалы алаңның бір шаршы метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 0,008966 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 03.07.2026 № 250 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы А. Сенчев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады