Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін электрондық түрде жіберсін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін, Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 05 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
| Лисаков қаласының әкімі | А. Ибраев |
| Лисаков қаласы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "03" ақпан | |
| № 36 қаулысына | |
| қосымша |
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері
№ р/с | Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымның атауы | Түрі | Айына 1 қызмет алушыға тариф (теңге) | Күніне 1 қызмет алушыға тариф (теңге) |
1. | "Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру | 47126,9 | 2298,9 |
2. | "Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | мүгедек балаларға арналған күндіз болу бөлімшесі | 395108,3 | 19273,5 |
