Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 1256 "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру жолымен "Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 1163 қаулысы

      Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 1256 "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру арқылы "Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне:

      12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамада кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өтімділікті басқаруды жүзеге асыру;"

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда аталған Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді:

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласының әкімі М. Жүндібаев

      Қостанай қаласы әкімдігінің

      2026 жылғы "___" __________ № _____

      "Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 1256 "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру жолымен "Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына келісу парағы

  Әкімдік мүшелері:
  А. Исмагулов
  А. Исенбаев
  М. Шуленов
  М. Моргунов
  З. Кенжегарина
  Н. Турлубекова
  А. Сегизбаева
  "Қостанай қаласы әкімінің аппараты"
  мемлекеттік мекемесінің заң қызметінің басшысы
  ______________________________ А. Туребекова
  "Қостанай қаласы әкімінің аппараты"
  мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық
  қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
  _______________________ Д. Игликова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай қаласы әкімдігінің

      қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ____________________ З. Кенжегарина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады