Мемлекеттік мекемені атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 75 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың дамуы, ұлттық жобалар, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдар функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 55-тармағына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын "Қостанай қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі деп өзгертіңіз.

      2. Осы қаулыға қосымшада келтірілген "Қостанай қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту.

      3. Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 893 "Қостанай қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы" қаулысын жою.

      4. "Қостанай қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдау.

      5. Осы қаулының орындалуына бақылауды Қостанай қаласы әкімінің қарайтын орынбасарына жүктеу.

      6. Осы қаулы оның ресми түрде алғаш рет жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қостанай қаласының әкімі М. Жүндібаев

  Қостанай қаласы әкімдігінің
  2026 жылғы "19" қаңтардағы
  № 75 қаулысымен
  бекітілді

"Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (одан әрі "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ) индустриялық-инновациялық даму, туризмді дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы, ветеринария, тұтыну нарығы және механикаландыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.

      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.

      6. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ заңнамасына сәйкес осыған берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98.

      10. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу;

      2) өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын талдау және болжау;

      3) ауыл шаруашылығы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге мақсаттар.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтар:

      Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі ММ алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен белгіленген тәртіппен ақпаратты сұрату және алу;

      басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;

      Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі ММ мемлекеттік органдарда, сотта атынан өкілдік ету.

      2) міндеттері:

      өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасуға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген міндеттерді жүзеге асыру,актілер мен тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындау.

      15. Функциялар:

      1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;

      2) аймакта шағын және орта бизнесті және инновациялық қызметті қолдау үшін инфрақұрылым объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету;

      3) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;

      4) сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;

      5) Қостанай қаласының туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және үйлестіруді жүргізу;

      6) Қостанай қаласы әкімдігінің нормативтік құқықтық және нормативтік емес актілерінің жобаларын дайындау;

      7) сауда саласындағы заңнаманың сақталуына, оның ішінде сауда қызметі субъектілерінің өз құзыреті шегінде азық-түлік және басқа да тауарларға шекті бағалардың мөлшерінің асып кетуін мониторингті және бақылау жүргізу;

      8) Қостанай қаласының аумағын даму бағдарламасына талдау және мониторинг жүргізу;

      9) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;

      10) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

      11) агроөнеркәсіптік кешен саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдікке) беру;

      12) Қостанай қаласында азық-түлік тауарларының қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына есептілікті ұсыну;

      13) көрме-жәрмеңке қызметін жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      15) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      16) үй жануарларын серуендетуге не жануарлармен өзге мақсатта болуға тыйым салынған орындарды айқындау, сондай-ақ қажет болған жағдайда үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтау;

      17) жануарларды жаңа иелеріне беруге, жоғалған жануарлардың иелерін іздестіруге, үй жануарларын зарарсыздандыру қажеттігі туралы хабардар етуге бағытталған жануарлар баспаналарының қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру;

      18) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру;

      19) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ басшылықты "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ бірінші басшысының орынбасары болады.

      19. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ қызметкерлерін көтермелеуді (материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды) жүзеге асырады;

      4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда білдіреді;

      7) "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ перспективалық және ағымдағы жоспарларын бекітеді;

      8) азаматтарды жеке қабылдауды жұргізеді;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ бекіті21, "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада белгіленген болса, "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады