Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 2 шілдедегі № 192 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Ақсақалов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2026 жылғы 2 шілдедегі
  № 192 қаулысына
  қосымша

Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 394 "Қостанай облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 427 қаулысы.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 394 "Қостанай облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 67 қаулысы.

      3. "Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 394 "Қостанай облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 427 қаулысы.

      4. "Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 394 "Қостанай облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 402 қаулысы.

      5. "Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 394 "Қостанай облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 ақпандағы № 27 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады