"Қостанай облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 164-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін:

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Ақсақалов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2026 жылғы 5 қаңтардағы
  № 2 қаулысымен
  бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) қоғамда адамгершілік басымдықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру, Қостанай облысының аумағында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үйлестірудің тиімді жүйесін құру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрілер және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75-құрылыс.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен басқаруға кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) кәмелетке толмаған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциясын іске асыру;

      2) бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу;

      4) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзушылықтар болған жағдайда олардың құқықтарын қалпына келтіру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз функцияларын жүзеге асыру үшін құзыреті шегінде сұрау салулар жіберу және мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды алу;

      тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.

      15. Функциялары:

      1) Қостанай облысының аумағында бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) кәмелетке толмаған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциясын жүзеге асыру;

      3) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      5) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайдағы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасауды қамтамасыз ету;

      6) отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік қызметтерді үйлестіру;

      7) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      8) балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;

      9) облыстың аудандары мен қалаларының білім бөлімдерінің балалар еңбегін пайдалану, балалар саудасы фактілерін жою, адам саудасынан зардап шеккен балалардың құқықтарын қорғауды және қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру және мониторингілеу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуына қарсы іс-қимыл, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және профилактикасы мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      10) кәмелетке толмағандарға қорғаншылық, қамқоршылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      11) облыстың аудандары мен қалаларының білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасы және қонақ отбасы мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;

      12) Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, сондай-ақ олардың өңірдегі өкілдерімен, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен, үкіметтік емес ұйымдармен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органдарымен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      13) қолайсыз отбасылардан шыққан өмірлік қиын жағдайдағы кәмелетке толмағандарды бақылау, профилактикалық жұмысты ұйымдастыру;

      14) өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттарға жататын балалардың жағдайына бақылауды және мониторингті жүзеге асыру; мұндай балалардың мұқтаждығын анықтау, мемлекеттік және мемлекеттік емес қолдау шараларын үйлестіру, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен, құқық қорғау органдарымен және басқа да субъектілермен балалардың құқықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау;

      15) балалар арасында және оларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің, буллингтің профилактикасы жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;

      16) қатыгездікке (буллингке), кибербуллингке және балалар құқықтарының басқа да бұзылуына ұшыраған немесе куә болған балаларға көмек көрсету;

      17) жыныстық тәрбие беру және кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғушылықтардың профилактикасы жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      18) жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыру және үйлестіру;

      19) білім беру ұйымдарында психологтар мен әлеуметтік педагогтердің қызметін үйлестіру және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

      20) психологиялық дағдарыс жағдайында қалған балаларға, олардың отбасыларына шұғыл психологиялық көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру;

      21) психологтар мен әлеуметтік педагогтердің қызметіне жүйелі талдау жүргізу, оларға әдістемелік көмек көрсетуді үйлестіру;

      22) су айдындарында суға бату, биіктіктен құлау (оның ішінде терезелерден), тамақтан улану, жануарлардың тістеуі, аттракциондық техниканың істен шығуы, электр тоғының соғуы, өрт, жол-көлік оқиғалары және басқа да себептер бойынша балалардың жарақаттануы мен балалармен жазатайым оқиғалардың қауіпсіздігі мен алдын алу жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органда айқындалған тәртіппен ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдардың басшыларын лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату;

      24) облыстың жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс енгізу;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)

      16. Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы Басқармаға басшылықты жүзеге асырады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;

      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарма мүдделерін білдіреді;

      3) шарттар жасасады;

      4) Басқармаға жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерін көтермелейді;

      7) Басқарманың құрылымын бекітеді;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      9) бұйрықтарға қол қояды және Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;

      10) сенімхаттар береді;

      11) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады