Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Рахат ауылы халқының пікірін ескере отырып, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысына негізінде, Рахат ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Рахат ауылы, Мерей шағынауданының солтүстік шығысында орналасқан атаусыз көшелеріне (бұған дейін нөмірленіп келген) келесі атаулар берілсін:
1) № 72 - көшеге - "Құлагер" көшесі;
2) № 73 - көшеге - "Ақсай" көшесі;
3) № 74 - көшеге - "Тұмар" көшесі;
4) № 75 - көшеге - "Бозжыра" көшесі;
5) № 76 - көшеге - "Қарақия" көшесі;
6) № 77 - көшеге - "Толқын" көшесі;
7) № 78 - көшеге - "Тамшалы" көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
| Рахат ауылының әкімі | Р. Сырымов |
