Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жалағаш ауданының әкімі | А. Ибраимов |
| Жалағаш ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 06 қаңтардағы № 5 қаулысына қосымша |
Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері
№ | Мекемелердің түрлері | Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге) |
1 | Жартылай стационар жағдайында (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін) | 8341,28 |
2 | Үйде қызметтер көрсету жағдайында | 3532,1 |
