Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 06 қаңтардағы № 5 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі А. Ибраимов

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 06 қаңтардағы
№ 5 қаулысына қосымша

Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері

Мекемелердің түрлері

Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге)

1

Жартылай стационар жағдайында (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін)

8341,28

2

Үйде қызметтер көрсету жағдайында

3532,1


Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг по Жалагашскому району на 2026 год

Постановление Жалагашского районного акимата Кызылординской области от 06 января 2026 года № 5

      В соответствии с Социальным кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Заместителя Премьер-Министра – Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 281 "Об утверждении правил и методики формирования тарифов на специальные социальные услуги" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32987) акимат Жалагашского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить тарифы на оказание специальных социальных услуг по Жалагашскому району на 2026 год согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Жалагашский районный отдел занятости и социальных программ" принять соответствующие меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Жалагашского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Жалагашского района А. Ибраимов

  Приложение к постановлению
акимата Жалагашского района
от 06 января 2026 года №5

Тарифы на оказание специальных социальных услуг по Жалагашскому району на 2026 год

Типы учреждений

Тариф на одного услугополучателя в день
(в тенге)

1

В условиях полустационара
(для лиц, не достигших 18 лет)

8341,28

2

В условиях оказания услуг на дому

3532,1