Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне ондағы қызметі жыл сайынғы демалысқа қосымша он тәулік беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 31 тамыздағы № 105-қе бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне ондағы қызметі жыл сайынғы демалысқа қосымша он тәулік беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі:

      1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Комитет Төрағасы ұлттық қауіпсіздік
генерал-лейтенанты
Е. Сағымбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 105-қе бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлерге ондағы қызметі жыл сайынғы демалысқа қосымша он тәулік беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі

      1. Абай облысында – Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Жарма, Жаңасемей, Мақаншы, Үржар, Бородулиха аудандарында, Семей және Курчатов қалаларында.

      2. Ақмола облысында – Есіл ауданында, Атбасар, Степногорск және Қосшы қалаларында.

      3. Ақтөбе облысында – Байғанин, Мұғалжар, Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Қобда, Хромтау, Шалқар аудандарында.

      4. Алматы облысында – Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарында, Алатау қаласында, Алматы қаласының Бостандық ауданында.

      5. Атырау облысында – облыстың барлық аумағында.

      6. Шығыс Қазақстан облысында – Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Марқакөл, Алтай, Глубоковское, Тарбағатай, Шемонаиха аудандарында, Өскемен және Риддер қалаларында.

      7. Жамбыл облысында – Жамбыл, Жуалы, Меркі, Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Талас, Шу, Тұрар Рысқұлов атындағы аудандарында, Сарысу ауданының Жаңатас қаласында.

      8. Жетісу облысында – Алакөл, Ақсу, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарында, Текелі қаласында.

      9. Батыс Қазақстан облысында – Бөкейорда, Бәйтерек, Бөрілі, Жәнібек, Казталов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында.

      10. Қарағанды облысында – Қарқаралы ауданында, Балқаш және Приозерск қалаларында.

      11. Қостанай облысында – Арқалық қаласында, Денисов, Қарабалық, Мендіқара, Жітіқара, Бейімбет Майлин, Ұзынкөл, Федоров аудандарында.

      12. Қызылорда облысында – облыстың барлық аумағында.

      13. Маңғыстау облысында – облыстың барлық аумағында.

      14. Павлодар облысында – Баянауыл, Железинка, Ертіс, Тереңкөл, Успенка, Шарбақты аудандарында.

      15. Солтүстік Қазақстан облысында – Айыртау, Ақжар, Жамбыл, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев атындағы, Мамлют, Уәлиханов аудандарында.

      16. Түркістан облысында – Арыс, Сарыағаш, Жетісай, Келес, Созақ, Қазығұрт, Мақтаарал, Отырар, Төле би, Шардара аудандарында, Түркістан, Кентау қалаларында, Сауран ауданының Шорнақ ауылдық округінде.

      17. Ұлытау облысында – Сәтпаев, Жезқазған және Қаражал қалаларында.

      Ескерту:

      1. Осы бұйрықтың күші "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының әскери қызметшілеріне қолданылады.

      2. Осы тізбеде көрсетілген жергілікті жерлерде қызмет өткеріп жатқан Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" және "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында экологиялық қасірет аймақтары деп жарияланған аймақтармен сәйкес келуіне байланысты, олардың таңдауы бойынша қосымша демалыс бір негіз бойынша ғана беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады