Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Жана Мыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2032 жылғы 12 маусымға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 10697,2872 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.
2. "Жана Мыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.
4. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Қарқаралы ауданының әкімінің м.а. | С.Мусин |
| Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2026 жылғы "01"шілде № 200 қаулысына қосымша |
"Жана Мыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі (2026 жылғы 12 маусымдағы №4505-EL лицензиясы)
№ | Орналасқан жері | Кадастырлық номері | Жалпы көлемі, га | қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га; |
1 | Максутова Бакыт | 09:133:066:059 | 858 | 838,2321 |
2 | Максутова Бакыт | 09:133:065:1001 | 1549,9498 | 7,3373 |
3 | Ибраев Ергазы Серикович | 09:133:066:025 | 1820 | 255,3060 |
4 | Апакашов Орынбасар | 09:133:066:044 | 351,42 | 238,3011 |
5 | Даупбаев Амантай Даупбайулы | 09:133:066:032 | 2362 | 1496,1893 |
6 | Капсатаров Омирзак Капиетович | 09:133:064:083 | 3000 | 1,5151 |
7 | Азбанбаев Ганибек Сагинтаевич | 09:133:066:062 | 200,6898 | 199,3565 |
8 | Каратаев Ерболат Кумисбекович | 09:133:066:064 | 1314,8704 | 11,1088 |
9 | "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті" мемлекеттік мекемесі | 09:133:066:038 | 33,8056 | 13,7341 |
10 | Амангельдиева Куралай Аскеровна | 09:133:066:015 | 623 | 622,4810 |
11 | Осипова Наталья Александровна | 09:133:066:069 | 500,001 | 496,3492 |
12 | Жумадилов Нуржан Магзумович | 09:133:066:016 | 365 | 131,4739 |
13 | Адамкулов Аян Берикович | 09:133:066:061 | 1200 | 423,7522 |
14 | Мезгілбай Алмас Мұхаметжанұлы | 09:133:066:052 | 2126 | 448,6353 |
15 | Асмаков Ержан Турсункан-улы | 09:133:066:053 | 1000 | 401,3640 |
16 | Ахметов Рымбек | 09:133:066:060 | 155 | 25,3929 |
17 | Оспанова Умит Кумисбековна | 09:133:066:066 | 614,0936 | 542,6287 |
18 | Оспанов Ермаганбет Абдулаевич | 09:133:066:065 | 1472 | 785,6927 |
19 | "Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 09:133:064:127 | 2474,4 | 1452,5396 |
20 | "Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 09:133:066:072 | 4829,3675 | 1620,3607 |
21 | Максутова Бакыт | 09:133:066:076 | 308,5284 | 34,0563 |
22 | Қаракөл ауылдық округі | 09:133:066 | 283,5900 | |
23 | Қаракөл ауылы | 09:133:065 | 367,8904 | |
Барлығы | 10697,2872 |
