Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 24 маусымдағы № 331 бұйрығы

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдің міндетін атқарушы Р. Исакулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 24 маусымдағы
№ 331 бұйрығымен
бекітілген

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі (бұдан әрі – тетік) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-5) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді.

      2. Бұл тетікте мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) энергетикалық аудит (бұдан әрі – энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;

      2) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі – энергия тиімділігі) – ұсынылған көрсетілетін қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнімдер (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;

      3) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;

      3-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – бірыңғай ақпараттық жүйе) – Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі ақпаратты қамтитын, уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;

      4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыретінің шегінде іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың қызметі бағалау объектісі болып табылады.

2-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі

      4. Астана, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей уәкілетті органға осы тетікке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті электрондық жеткізгіштерде немесе бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы ұсынады.

      Жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мәліметтердің дұрыстығы мемлекеттік органдардың, ұйымдардың ресми деректерімен және есепте тиісті көрсеткіштерді көрсетуге негіз болатын құжаттармен расталады. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапкершілік жергілікті атқарушы органдардың басшыларына жүктеледі. Уәкілетті орган растайтын құжаттарды сұратуға және ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына тексеру жүргізуге құқылы.

      Ескертулер анықталған жағдайда есеп пысықтау үшін жергілікті атқарушы органға қайтарылады. Жергілікті атқарушы орган ескертулерді алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде нақтыланған мәліметтерді ұсынады.

      5. Уәкілетті орган ЖАО қызметін бағалау үшін ұсынылған есептерге мынадай өлшемшарттар бойынша талдау жүргізеді:

      1) уәкілетті органмен келісу бойынша 3 жыл іске асыру мерзімімен мақсаттарға қол жеткізу индикаторлары бар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасын әзірлеу және бекіту;

      1-1) энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жол картасының іс-шараларын іске асыру;

      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерінің сақталуына мониторингті жүзеге асыру;

      3) мемлекеттік мекемелердің энергия аудитін жүргізуді ұйымдастыру;

      4) мемлекеттік мекемелерді терможаңғыртуды жүргізуді ұйымдастыру;

      5) мемлекеттік мекемелер үшін энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату;

      6) мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алу және орнату;

      7) энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябақ пен көше жарығын жаңғыртуды қамтамасыз ету;

      8) халық арасында пайдаланылған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамдарды кәдеге жаратуды ұйымдастыру;

      9) энергия үнемдейтін шамдарды қолдануды ескере отырып, мемлекеттік мекемелердегі ішкі жарықтандыруды жаңғыртуды қамтамасыз ету;

      10) энергия тиімділігін арттыру талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      11) мемлекеттік мекемелердің жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың, немесе өзгерістерден өткен (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) қолданыстағы ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың қажетті энергия тиімділігі сыныбын сақтауын қамтамасыз ету.

      6. Энергия үнемдеу мәселелері бойынша ЖАО қызметін бағалауды уәкілетті орган осы тетіктің 7-тармағына сәйкес өлшем шарттардың балдары бойынша 60-балдық шәкіл жүйесі бойынша жүзеге асырады.

      Әрбір өлшем шарттар бойынша көрсеткіштер анықталады, оларға сәйкес тиiстi балдар шығарылады.

      7. ЖАО қызметін бағалау өлшемшарттарының көрсеткіштері:

      1) мақсаттарға қол жеткізу индикаторлары бар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша бекітілген жол картасының болуы (бекітілмеген – 0 балл, бекітілген – 5 балл);

      1-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жол картасының жоспарланған іс-шараларының жалпы санынан энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жол картасының іске асырылған іс-шаралар (0-20% - 1 балл, 21-40% - 2 балл, 41-60% - 3 балл, 61-80% - 4 балл, 81-100% - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      A = x / y × 100

      мұндағы:

      A - есепті кезеңдегі жоспарланған іс-шаралар санына қатысты энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жол картасының іске асырылған іс-шараларының үлесі;

      x - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жол картасының нақты іске асырылған іс-шараларының саны;

      y - есепті кезеңдегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жол картасы бойынша жоспарланған іс-шаралардың жалпы саны;

      2) мемлекеттік мекемелердің көрсеткіштерінің жалпы санының ішінен энергия тұтыну нормативтеріне сәйкес келетін көрсеткіштер (0-20% - 1 балл, 21-40% - 2 балл, 41-60% - 3 балл, 61-80% - 4 балл, 81-100% - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      A = x / y × 100

      мұндағы:

      A - есепті кезеңдегі жалпы мемлекеттік мекемелер санына қатысты энергия тұтыну нормативтеріне сәйкес келетін мемлекеттік мекемелердің үлесі;

      x - энергия тұтыну нормативтеріне сәйкес келетін мемлекеттік мекемелердің саны;

      y - энергия тұтыну нормативтері бойынша бағалауға жататын жалпы мемлекеттік мекемелер саны;

      3) мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан пайыздық мәнде мемлекеттік мекемелердің жыл сайынғы өткізілген энергия аудиттерінің саны (0-10 % - 1 балл, 11-20 % - 2 балл, 21-35 % - 3 балл, 36-50 % - 4 балл, 51-100 % - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      A = x / y × 100

      мұндағы:

      A - есепті кезеңдегі жалпы мемлекеттік мекемелер санына қатысты өткізілген энергоаудиттердің үлесі;

      x - энергоаудит жүргізілген мемлекеттік мекемелердің саны;

      y - энергоаудит жүргізуге жататын жалпы мемлекеттік мекемелердің саны;

      4) мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан пайыздық мәнде мемлекеттік мекемелерді жыл сайынғы терможаңғырту саны (0-10 % - 1 балл, 11-20 % - 2 балл, 21-35 % - 3 балл, 36-50 % - 4 балл, 51-100 % - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      A = x / y × 100

      мұндағы:

      A - есепті кезеңдегі жалпы мемлекеттік мекемелер санына қатысты терможаңғырту жүргізілген мемлекеттік мекемелердің үлесі;

      x - терможаңғырту жүргізілген мемлекеттік мекемелердің саны;

      y - бағалауға жататын жалпы мемлекеттік мекемелердің саны;

      5) мемлекеттік мекемелер үшін белгіленген энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарының саны мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан пайыздық мәнде (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      A = x / y × 100

      мұндағы:

      A - есепті кезеңдегі жалпы мемлекеттік мекемелер санына қатысты энергия ресурстарын есептейтін құрылғылармен жабдықталған мемлекеттік мекемелердің үлесі;

      x - энергия ресурстарын есептейтін құрылғылар орнатылған мемлекеттік мекемелердің саны;

      y - энергия ресурстарын есептейтін құрылғылармен жабдықталуға жататын жалпы мемлекеттік мекемелердің саны;

      6) мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің белгіленген автоматты жүйелерінің саны мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан пайыздық мәнде (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      A = x / y × 100

      мұндағы:

      A - есепті кезеңдегі жалпы мемлекеттік мекемелер санына қатысты жылу тұтынуды автоматты реттеу жүйелері орнатылған мемлекеттік мекемелердің үлесі;

      x - жылу тұтынуды автоматты реттеу жүйелері орнатылған мемлекеттік мекемелердің саны;

      y - автоматты жүйелермен жабдықталуға жататын жалпы мемлекеттік мекемелердің саны;

      7) саябақ пен көше жарықтандырудың жалпы санынан энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, жаңғыртылған саябақ және көше жарықтандыру (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі;

      A = x / y × 100

      мұндағы:

      A - есепті кезеңдегі жалпы саябақтық және көшелік жарықтандыру объектілерінің санына қатысты энергия үнемдейтін шамдарды пайдалана отырып жаңғыртылған объектілердің үлесі;

      x - энергия үнемдейтін шамдарды пайдалана отырып жаңғыртылған саябақтық және көшелік жарықтандыру объектілерінің саны;

      y - жалпы саябақтық және көшелік жарықтандыру объектілерінің саны;

      8) есепті кезеңде жоспарланған көлемнен халық арасында пайдаланылған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін кәдеге жаратылған шамдар (0-50 % - 1 балл, 51-65 % - 2 балл, 66-85 % - 3 балл, 86-95 % - 4 балл, 96-100 % - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      A = x / y × 100

      мұндағы:

      A - есепті кезеңдегі халық пайдаланған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамаларды жоспарланған көлемге қатысты кәдеге жаратылған шамалардың үлесі;

      x - халық пайдаланған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін кәдеге жаратылған шамалардың саны;

      y - есепті кезеңге жоспарланған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін кәдеге жаратылған шамалардың көлемі;

      9) мемлекеттік мекемелердегі ішкі жарықтандырудың жалпы көлемінен энергия үнемдейтін шамдарды қолдануды ескере отырып, жаңғыртылған ішкі жарықтандыру (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      A = x / y × 100

      мұндағы:

      A - есепті кезеңдегі жалпы мемлекеттік мекемелердегі ішкі жарықтандыру объектілерінің санына қатысты энергия үнемдейтін шамдарды пайдалана отырып жаңғыртылған ішкі жарықтандыру объектілерінің үлесі;

      x - энергия үнемдейтін шамдарды пайдалана отырып жаңғыртылған ішкі жарықтандыру объектілерінің саны;

      y - мемлекеттік мекемелердегі ішкі жарықтандыру объектілерінің жалпы саны;

      10) мемлекеттік сатып алулар мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы санынан энергия тиімділік жөніндегі талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік сатып алулар мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу (0-50 % - 1 балл, 51-65 % - 2 балл, 66-85 % - 3 балл, 86-95 % - 4 балл, 96-100 % - 5 балл) мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      A = x / y × 100

      мұндағы:

      A - есепті кезеңдегі жалпы мемлекеттік сатып алулар мен тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтерді сатып алу көлеміне қатысты энергия тиімділігінің талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік сатып алулардың үлесі;

      x - энергия тиімділігінің талаптарына сәйкес келетін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алу саны;

      y - жалпы мемлекеттік сатып алулар мен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алу саны;

      11) жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жалпы санынан энергия тиімділігі "С" және одан жоғары сыныбына сәйкес келетін мемлекеттік мекемелердің жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстар (0-15 % - 1 балл, 16-20 % - 2 балл, 21-25 % - 3 балл, 26-30 % - 4 балл, 31-100 % - 5 баллов) мынадай формулаға сәйкес есептеледі;

      A = x / y × 100

      мұндағы:

      A - есепті кезеңдегі жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жалпы санынан энергия тиімділігі "С" және одан жоғары сыныбына сәйкес келетін мемлекеттік мекемелердің жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың үлесі;

      x - "С" және одан жоғары сыныбына сәйкес келетін мемлекеттік мекемелердің жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың саны;

      y - жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жалпы саны.

      Есепті кезеңде жекелеген критерий бойынша бағалау объектілері болмаған жағдайда (жаңа ғимараттардың, терможаңғырту объектілерінің, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың немесе өзге де бағалау объектілерінің болмауы), тиісті критерий қорытынды бағалауды есептеу үшін мүмкін болатын ең жоғары балдар санын айқындау кезінде есепке алынбайды.

      8. ЖАО-ның қорытынды бағасы барлық өлшем шарттар бойынша алынған есеп нәтижелерін қосу арқылы анықталады.

      Бағалаудың қорытынды пайызы келесі формула бойынша есептеледі:

      P = B / Bmax × 100

      мұнда:

      P – бағалаудың қорытынды пайызы;

      B – нақты жинақталған балдардың жиынтық саны;

      Bmax – мүмкін болатын ең жоғары балдар саны.

      Қорытынды баға:

      1) ең жоғары балдың 60 %-ынан төмен немесе соған тең болса "төмен";

      2) ең жоғары балдың 61-85 % аралығында болса "орташа";

      3) ең жоғары балдың 86 %-ға тең немесе одан жоғары болса "жоғары" болып саналады.

      9. Бағалау нәтижесі бойынша уәкілетті орган жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 30 наурызынан кешіктірмей, осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша қызметін бағалау нәтижелері туралы қорытынды дайындайды.

      10. ЖАО энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша бағалау нәтижелері уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

  Энергия үнемдеу және
энергия тиімділігін арттыру
мәселелері бойынша жергілікті
атқарушы органдардың
қызметін бағалау тетігіне
1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет–ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps?lang=kk

      Әкімшілік нысанның атауы: Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-ОДЭПЭ.

      Кезеңділік: жылдық.

      Есепті кезең: ________ жыл.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 қаңтарына дейін.

      ЖСН/БСН


      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды):

      Жинау әдісі: қағаз немесе электронды түрде.

р/с №

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Оның ішінде

Есепті кезеңде орындалған жұмыс туралы ақпарат

Есепті кезең үшін

Барлығы

1

2

3

4

5

6

1

Мақсаттарға қол жеткізу индикаторлары бар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша бекітілген жол картасының болуы

%




1-1

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасының жоспарланған іс-шараларының жалпы санынан энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасының жүзеге асырылған іс-шаралар үлесі

%




2

Энергия тұтыну нормативтері бойынша бағалануға жататын мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан энергия тұтыну нормативтеріне сәйкес келетін мемлекеттік мекемелердің үлесі

%




3

Энергия аудитін жүргізуге жататын мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан мемлекеттік мекемелердің жүргізілген энергия аудиттерінің үлесі

%




4

Бағалануға жататын мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан мемлекеттік мекемелерге жүргізілген терможаңғырту үлесі

%




5

Энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан мемлекеттік мекемелер үшін орнатылған энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарының үлесі

%




6

Жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін орнатуға жататын мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің орнатылған автоматты жүйелерінің үлесі

%




7

Энергия үнемдейтін шамдарды қолдануды ескере отырып, саябақтық және көше жарықтандыруының жалпы көлемінен жаңғыртылған саябақтық және көше жарықтандырудың үлесі

%




8

Есепті кезеңде Құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамдарды кәдеге жаратудың жоспарланған көлемнен халықтың пайдалануында болған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін кәдеге жаратылған шамдардың үлесі

%




9

Мемлекеттік мекемелердегі энергия үнемдейтін шамдарды қолдануды ескере отырып, ішкі жарықтандырудың жалпы көлемінен жаңғыртылған ішкі жарықтандырудың үлесі

%




10

Мемлекеттік сатып алулар мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы санынан энергия тиімділік жөніндегі талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік сатып алулар мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үлесі

%




11

Жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жалпы санынан энергия тиімділігі "С" және одан жоғары сыныбына сәйкес келетін мемлекеттік мекемелердің жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың үлесі

%




      Ескертпе: Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      Атауы _________________________ Мекенжай _____________________________

      ______________________________________________________________________

      Телефоны _____________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушы __________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті

      атқарушы органдарының басшылары немесе есепке қол қоюға уәкілетті және жауапты

      тұлғалар

      ______________________________________ ____________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

      __________________________________________________________________

  Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру мәселелері
жөніндегі қызмет туралы есеп"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (1-ОДЭПЭ, жылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме (бұдан әрі – Түсініктеме) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі-нысан) толтыру бойынша бірыңғай тәртіпті айқындайды.

      2. Нысан "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей уәкілетті органға электрондық тасығыштарда ұсынылады.

      4. Нысанға астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының басшылары немесе есепке қол қоюға уәкілетті адамдар мен жауапты тұлға қол қояды.

      2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1) "1" деген бағанда нөмір "№" реті бойынша толтырылады;

      2) "2" деген бағанда іс-шаралардың атауы толтырылады;

      3) "3" деген бағанда өлшем бірлігі көрсетіледі:

      - "1" деген жолда – уәкілетті органның келісімі бойынша 3 жыл іске асыру мерзімімен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша бекітілген жол картасының болуы;

      - "1-1" деген жолда – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жол картасының іске асырылған іс-шараларының үлесі көрсетіледі;

      - "2" деген жолда – мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерінің сақталуына мониторингтің үлесі көрсетіледі;

      - "3" деген жолда – мемлекеттік мекемелердің өткізілген энергия аудиттерінің үлесі көрсетіледі;

      - "4" деген жолда – мемлекеттік мекемелерге жүргізілген терможаңғырту үлесі көрсетіледі;

      - "5" деген жолда – мемлекеттік мекемелер үшін орнатылған энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарының үлесі көрсетіледі;

      - "6" деген жолда – мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің орнатылған автоматты жүйелерінің үлесі көрсетіледі;

      - "7" деген жолда – энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, жаңғыртылған саябақ және көше жарығының үлесі көрсетіледі;

      - "8" деген жолда – тұтынуда болған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін кәдеге жаратылған шамдардың үлесі көрсетіледі;

      - "9" деген жолда – мемлекеттік мекемелердегі энергия үнемдейтін шамдарды қолдануды ескере отырып, жаңғыртылған ішкі жарықтандырудың үлесі көрсетіледі;

      - "10" деген жолда – энергия тиімділік талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік сатып алулар мен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алулардың үлесі көрсетіледі;

      - "11" деген жолда – мемлекеттік мекемелердің жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкция, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың ішінде энергоэффективтіліктің "С" және одан жоғары сыныбына сәйкес келетіндерінің үлесі көрсетіледі;

      4) "4-5" деген бағанда – тиісті көрсеткіштер бойынша нақты деректер және олардың жалпы саны көрсетіледі;

      5) "6" деген бағанда – есепті кезеңде орындалған жұмыс туралы ақпарат толтырылады.

  Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру мәселелері
бойынша жергілікті атқарушы
органдар қызметін бағалау
тетігіне 2-қосымша

      Нысан

  Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру мәселелері
бойынша жергілікті атқарушы
органдардың қызметін бағалау
нәтижелері туралы қорытынды

_____________________________________________________

(жергілікті атқарушы органның атауы)

___________________ (есепті кезең)

р/с

Бағалау өлшемшарттары

Әрбір өлшемшартты бағалау балдары

1

2

3

1

Уәкілетті органның келісуі бойынша 3 жыл іске асыру мерзімімен мақсаттарға қол жеткізу индикаторлары бар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасын әзірлеу және бекіту.


1-1

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жол картасының іс-шараларын іске асыру.


2

Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру.


3

Мемлекеттік мекемелерде энергия аудитін өткізуді ұйымдастыру.


4

Мемлекеттiк мекемелердi терможаңғыртуды өткізуді ұйымдастыру.


5

Мемлекеттік мекемелер үшін энергетика ресурстарын есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату.


6

Мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алу және орнату.


7

Энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз ету.


8

Тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынабы бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастыру.


9

Энергия үнемдейтін шамдарды қолдануды ескере отырып, мемлекеттік мекемелердегі ішкі жарықтандыруды жаңғыртуды қамтамасыз ету.


10

Энергия тиімділік талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алулар мен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қамтамасыз ету.


11

Мемлекеттік мекемелерде жаңа ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың немесе өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен қолданыстағы ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың қажетті энергия тиімділігі сыныбын сақтауын қамтамасыз ету.


Жалпы бағалау:


Жалпы бағалаудың мәні:


      Бағалау өлшемшарттары бойынша жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігін талдау:

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Қорытындылар мен ұсынымдар:

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Уәкілетті органның басшысы _____________ ______________________________

      (қолы) (қолының толық жазылуы)

      _____________________________________________________________________

      Уәкілетті органның тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнің басшысы _______________

      ______________________________________ (қолы) (қолының толық жазылуы)

      20___ жылғы "___" ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады