БҰЙЫРАМЫН:
1. "Цифрлық үкіметтің" операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 208/НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Цифрлық үкіметтің" операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесінде:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) "Әлеуметтік әмиян";";
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) "Antitrust" бағдарламалық қамтылымы.".
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мәдиев |
