"Цифрлық үкіметтің" операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 208/НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 74-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Цифрлық үкіметтің" операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мәдиев

  бұйрығымен бекітілген

"Цифрлық үкіметтің" операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесі

      1. Цифрлық инфрақұрылымды ұсыну жөніндегі қызметтер:

      1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (АКҚҚ) пайдалану арқылы мемлекеттік органдардың қорғалған байланыс арналарын ұйымдастыру қызметі;

      2) бағдарламалық қамтылымды ұсыну бойынша цифрлық қызметті әкімшілендіру;

      3) байланыс қызметтері (мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы (МО БКО) арқылы сымсыз/спутниктік/жерүсті инфрақұрылым базасында виртуалды жеке желілерді ұйымдастыру, интернетке қол жеткізу, IP-телефония, желіаралық қорғауды ұйымдастыру);

      4) бейнеконференцбайланыс сеанстарын өткізуді ұйымдастыру қызметі;

      5) виртуалды машинаны (Хостинг) бөліп беру қызметі;

      6) виртуалды дата-орталық – vDC;

      7) дерек өңдеу орталығы (ДӨО) Data-center as a Service, DCaaS, co-location;

      8) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерін резервтеу бойынша цифрлық қызметті іске асыру үшін аумақтық қашықтықтағы объектіде цифрлық инфрақұрылым;

      9) цифрлық жүйелерін резервтік көшіру бөлігінде резервтеу бойынша мемлекеттік органдардың қызметі;

      10) онлайн көрсетілімді өткізуді ұйымдастыру қызметі;

      11) резервті көшіру және сақтау үшін виртуалды кеңістікті бөліп беру қызметі;

      2. Цифрлық платформаны ұсыну жөніндегі қызметтер:

      1) бет-әлпеті негізіндегі биометриялық сәйкестендіру;

      2) бұлтты құжат айналымы;

      3) Е-өтініш;

      4) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы;

      5) мемлекеттік органдардың электрондық пошталық сервисі;

      6) мобильді жұмыс орны;

      7) сервистер витринасы;

      8) "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады