Жетісу облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылдық округінің Жиделі ауылының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 8-58-250 бірлескен шешімі және Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 9 cәуірдегі № 115 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5 – тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 – бабының 3) тармақшасына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

      1. Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Шолақай ауылдық округі, Жиделі ауылының шекарасы орман шаруашылығы мақсатындағы 11394,5 гектар жерді қосу арқылы өзгертіліп, жалпы көлемі 11478,5 гектар болып, қоса берілген жерлердің экспликациясына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Керимбековке және Панфилов аудандық мәслихатының бюджет және экономика, агралық, кәсіпкерлік, өндіріс, жол, құрылыс мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасының
өкілеттігін уақытша атқарушы
А.Дарубаева
      Аудан әкімі М.Сағымбек

 
  Панфилов аудандық
мәслихатының
2026 жылғы 9 сәуірдегі
№ 8-58-250 шешіміне
  және Панфилов ауданы
әкімдігінің 2026 жылғы
9 cәуірдегі № 115
қаулысына қосымша

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жиделі ауылының шегін кеңейту жөніндегі ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ

Атауы

Есептік кварталы

Жалпы ауданы, гектар

Оның ішінде :

Егістік

Оның ішінде :

көпжылдық
екпелер

шабындық

жайылым

Суармалысы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Панфилов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 04 науырыздағы №5-44-308 шешімі негізінде Жиделі ауылы бойынша жер көлемі


84






2

Жиделі елді мекенін кеңейтуге берілген жер көлемі


11394,5






3

Жиделі елді мекенін кеңейтілгеннен


11478,5







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады