Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы "Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 15-63 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189584 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
басшылыққа алады.";
7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған тұлғалар (отбасы):
әлеуметтік маңызы бар оның ішінде: туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш, ай сайын;
адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде, ай сайын;
7-тармақтың 9)-10) тармақшалары алып тасталсын;
7-тармақтың 11)-12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"11) мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдерінің біріне және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторлық-курорттық емделуге алып (еріп) жүретін адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай, жылына бір рет санаторлық-курорттық емделуге кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде әлеуметтік көмек;
12) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне кірісін есепке алмай коммуналдық қызметтерді төлеуге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек, ай сайын;";
7.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7.1. Жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай, бірақ кепілдік берілген сомадан артық емес, жылына бір рет санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек:
1) осы қағиданың 7-тармағының 1)-5) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға;
2) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған тұлғаларға."
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Көксу ауданы мәслихатының төрағасы | Ж.Бейсенбай |
