Жетісу облысы Алакөл көлінің жағалауында казино, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 176 қаулысы

      "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алакөл ауданы Ақши ауылы жағынан Алакөл көлінің жағалауында казиноларды, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б.Исабаев

  Жетісу облысы әкімдігінің
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 176 қаулысына
қосымша

Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылы жағынан Алакөл көлінің жағалауында казино, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтың шекарасы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады