Арнайы құқық субъектісі "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 111-НҚ бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы құқық субъектісі "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, сондай-ақ әділет органдарына хабарлай отырып жолдауды;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Ж. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2026 жылғы 30 сәуірдегі
№ 111-НҚ бұйрығына
қосымша

"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" акционерлік қоғамының Арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

Қызмет түрінің атауы

1.

Білім беруді дамыту мәселелері бойынша зерттеулер мен жобаларды орындау

2.

Ұсынымдар әзірлей отырып, білім беру саясаты мен практикасын мониторингілеу мен бағалауды орындау

3.

Білім алушылардың білімін, дағдылары мен құзыреттерін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ нәтижелерді өңдеу, талдау және түсіндіру

4.

Білім беру саласындағы әкімшілік, статистикалық және баламалы деректерге қолжетімділікті қамтамасыз ету және ұйымдастыру

5.

Білім беру саласындағы талдау, мониторинг, бағалау, болжау және ақпараттандыру үшін ақпараттандыру объектілерін, соның ішінде "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесін, құру, сүйемелдеу және жүйелік-техникалық қызмет көрсету


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады