2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 128 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №32987 болып тіркелген) сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Байзақ ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қасымовқа жүктелсін.

      Байзақ ауданының әкімі О. Баққараев

  Байзақ ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 27 сәуірдегі №128
қаулысына қосымша

2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтері

Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсететін мекеменіңа атауы

Қызмет түрлері

Бір қызмет алушыға шаққандағы айлық тариф (теңгемен)

Бір қызмет алушыға шаққандағы күндік тариф (теңгемен)

1.

"Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ

Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету

63320,84

2878,22

2

Жартылай стационарлық жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдар

Психоневрологиялық аурулары бар 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар

196952,58

8952,39


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады