ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1 . "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31743 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес әзірленді.
Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), Министрліктің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Министрліктің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитеттер) қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз етудің жалпы тәсілдерін, оның ішінде күзетті ұйымдастыруды, өткізу және объектішілік режимдерді жүзеге асыруды, сондай-ақ тиісті құжаттаманы жүргізуді нақтылайды.";
2-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызылған Министрлік пен Комитеттердің қарамағындағы объектілерге (бұдан әрі – объектілер) қолданылады және мыналардың пайдалануына арналған:
Министрлік пен Комитеттердің объектілерінің терроризмге қарсы қорғалу іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ететін объектілердің басшылары мен персоналы;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) объектілердің персоналы – Министрлік пен Комитеттердің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектінің басшылары, жұмыскерлері, қызметкерлері;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) келуші – өзінің жеке мұқтажы бойынша объектілердің ғимаратында орналасқан Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлер – Министрлік пен Комитеттердің объектісінде күзет функцияларына және өткізу режимінің сақталуына жауап беретін объектілердің жұмыскерлері немесе объектінің басшысымен объектіні күзету қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлері;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жалға алынған ғимаратқа (үй-жайға) орналасқан кезде Министрлік пен Комитеттердің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары жалдау шартында объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлейтін, объектіні күзетуді, объектіні қазіргі заманғы инженерлік-техникалық құралдармен жарақтандыруды, олардың үздіксіз жұмыс істеуін бақылауды, өткізу режимін ұйымдастыруды және осы іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыратын тараптарды айқындауды қамтамасыз етеді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Министрлік пен Комитеттердің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерде объектінің ерекшелігіне сәйкес келетін өткізу режимі белгіленеді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Оқу іс-шараларын объектілердің басшылары персоналмен, ал күзет қызметі субъектілерінің басшылары – Министрлік пен Комитеттердің объектісін күзетуге тартылатын қызметкерлермен ұйымдастырады.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Министрлік пен Комитеттердің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары мынадай қауіпсіздік шараларын қабылдайды:";
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Министрлік пен Комитеттердің қарамағындағы объектілердің қызметін тоқтата тұру;";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Паспорттың жобасы объектінің басшысы объектіні астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне (бұдан әрі – аумақтық тізбе) қосу туралы тиісті хабарлама алған сәттен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде жасалады.";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Министрлік пен Комитеттердің террористік тұрғыдан осал объектілерін инженерлік-техникалық жабдықпен жарақтандыруға қойылатын талаптар";
көрсетілген нұсқаулықтың 1-қосымшасында:
оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Министрлік пен Комитеттердің объектілеріне алып өтуге тыйым салынған негізгі заттардың тізбесі";
көрсетілген нұсқаулықтың 2-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген нұсқаулықтың 3-қосымшасында:
оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген нұсқаулықтың 4-қосымшасында:
оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қауіпсіздік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
Министрлік пен Комитеттердің объектілерінің терроризмге қарсы қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық және оқу іс-шаралары тақырыптарының нұсқалары
№ р/с | Тақырып атауы | Өткізу нысаны |
1 | Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптары. Объектіде терроризм актісі жасалған жағдайларда жауаптылық. | Дәріс |
2 | Терроризмнің мәні мен қоғамдық қауіптілігі, террористік сипаттағы әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік. | Дәріс |
3 | Террористік тұрғыдан осал объектінің ерекшеліктері, оған терроризм актісі жасалған жағдайда ықтимал салдарлар. | Дәріс |
4 | Өткізу пунктінде көлік құралдары мен адамдарды тексеруді жүргізу тәртібі. Үй-жайларды тексеру, жарылғыш құрылғыларды қою орындарын анықтау. | Дәріс |
5 | Террористік сипаттағы ықтимал қатерлерге ден қою жөніндегі іс-қимылдардың мазмұны мен кезектілігі. | Дәріс |
6 | Терроризм актісін өткізу қаупі туралы анонимді телефон қоңырауын алған кезде Министрлік пен Комитеттердің объектісі персоналының іс-қимыл тәртібі. | Нұсқаулық-әдістемелік сабақтар |
7 | Иесіз заттарды, күдікті затты немесе күдікті адамдарды анықтаған кезде Министрлік пен Комитеттердің объектісі персоналының іс-қимыл тәртібі. | Нұсқаулық-әдістемелік сабақтар |
8 | Министрлік пен Комитеттердің объектісі персоналының объектіге қарулы шабуыл жасау кезіндегі іс-қимыл тәртібі. | Нұсқаулық-әдістемелік сабақтар |
9 | Министрлік пен Комитеттердің объектісі персоналының кепілге алу кезіндегі іс-қимылдарының тәртібі. | Нұсқаулық-әдістемелік сабақтар |
10 | Терроризмге қарсы қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалану ережесі. | Нұсқаулық-әдістемелік сабақтар |
11 | Терроризм актісі қаупі төнген немесе жасалған кезде Министрлік объектісінің және Комитеттердің персоналын, оның келушілерін хабардар ету тәртібі. | Практикалық сабақтар |
12 | Министрлік пен Комитеттердің объектісінің персоналын, оған келушілерді эвакуациялауды ұйымдастыру. | Практикалық сабақтар |
13 | Алғашқы медициналық көмек көрсету (атыс, сынық жаралар, тесілген жаралар, жыртылған жаралар, күйіктер, сүйектердің сынуы, буындардың шығуы, көміртегі тотығымен және басқа да улы заттармен улану, шок жағдайлары, контузия, мидың шайқалуы). | Практикалық сабақтар |
