БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығына" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12751 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімінде:
С БЛОГЫнда - Әкімшілік персонал:
С2 және С3 жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
С2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: мұрағатшы, бухгалтер, барлық мамандықтағы инженер, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджер, экономист, заңгер, заңгер консультант, программист, аудармашы, инспектор, кадрлар жөніндегі инспектор, нұсқаушы, энергетик, кітапханашы, ТҚ инженері, азаматтық қорғаныс штабының басшысы, мемлекеттік тіл жөніндегі маман, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі маман, тестілік бақылау маманы, жинақтау бөлімінің маманы, кадрлар жөніндегі маман, статистик, референт, қоғаммен байланыс жөніндегі маман, жүйелік әкімші. | |
С3 |
Біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: мұрағатшы, бухгалтер, барлық мамандықтағы инженер, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджер, экономист, заңгер консультант, программист, аудармашы, инспектор, нұсқаушы, энергетик, кітапханашы, мәдениеттанушы, кадрлар жөніндегі инспектор, барлық атаудағы техниктер, статистик, референт, жүйелік әкімші |
".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы |
А. Ертаев |
