Объектілік масштабтағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Абай облысы Жарма ауданы Шар қаласы әкімінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 2 шешімі

      "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2)- тармақшасына сәйкес, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығымен, Жарма ауданының Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 14 мамырдағы кезекті отырысының № 6 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Бүркіт" филиалының темір жол кіреберіс жолдарының апатты жағдайына байланысты теміржол кірме жолдары учаскесінде жалпы нысан бойынша объектілік масштабтағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Шар қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Саршановты нысандағы төтенше жағдайды жою басшысы етіп, осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды жүргізуді тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шар қаласының әкімі Э. Мурумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады