Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 142-бабының 2- тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына, Абай облысының әкімдігінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 155 "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" қаулысына сәйкес Бесқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жартылай стационар және үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.
2. "Абай облысы Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы қаулыдан туындайтын шаралардың заңда белгіленген тәртіпте орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындйтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Бесқарағай ауданы әкімінің м.а. | Д. Қалиқан |
| Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "28" қаңтардағы № 22 қаулысына қосымша |
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарифтері
| № | Мекемелердің түрлері | Қызмет алушылардың тізімі | Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) |
|---|---|---|---|
1 | Жартылай стационар |
| 26249,0 |
2 | Надомное обслуживание | Психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар Балаларға, психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын адамдарға | 3326,01 |
