"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4)-тармақшасына және 31-бабына сәйкес, Абай облысының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы қорытындысын ескере отырып, Аягөз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аягөз ауданы Аягөз қаласының "Зеленый тұйық" көшесі "Құдаш, Бакен Мұхамедиевтер" көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен Аягөз ауданы әкімдігінің қаулысы мен Аягөз аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аягөз ауданы әкімінің міндетін атқарушы | О.Бекбаев |
| Аягөз аудандық мәслихат төрағасы | А.Ибрайшин |
