Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісінің 50 (елу) пайызы, оның ішінде денсаулық сақтау саласы 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Таза кірісінің қалған бөлігі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың дамуына жұмсалсын.
3. "Шымкент қаласының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары А. Кәрімовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |
