Алатау қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын белгілеу және бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Алатау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 8 маусымдағы № 240 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1 тармағының 4-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алатау қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары – С.К. Шәуменге жүктелсін.

      Қала әкімі А. Өтенов

  Қала әкімдігінің
  2026 жылғы "___" _____
  № ___ қаулысына
  қосымша

Алатау қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Сауда объектілерінің орналастыру орындары

Аумағы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру мерзімі

Өнім түрі

1

Алматы-Қонаев авто-трассасы бағытындағы 47 шақырымы (Алматы облысы, Алатау қаласы, Жаңаарна шағын ауданы, №24А)

5000 м2

1 жыл

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы

2

Қонаев-Алматы авто-трассасы бағытындағы (Алматы облысы, Алатау қаласы, Жаңаарна шағын ауданы, №727)

5000 м2

1 жыл

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады