"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1 тармағының 4-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алатау қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары – С.К. Шәуменге жүктелсін.
| Қала әкімі | А. Өтенов |
| Қала әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "___" _____ | |
| № ___ қаулысына | |
| қосымша |
Алатау қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Сауда объектілерінің орналастыру орындары | Аумағы (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру мерзімі | Өнім түрі |
1 | Алматы-Қонаев авто-трассасы бағытындағы 47 шақырымы (Алматы облысы, Алатау қаласы, Жаңаарна шағын ауданы, №24А) | 5000 м2 | 1 жыл | Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы |
2 | Қонаев-Алматы авто-трассасы бағытындағы (Алматы облысы, Алатау қаласы, Жаңаарна шағын ауданы, №727) | 5000 м2 | 1 жыл | Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы |