Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 11 маусымдағы қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сүмбе ауылының оңтүстіктен солтүстікке қарай екінші көшені – Күрішбек Көжекбайұлы көшесі, шығыстан батысқа қарай бесінші көшені – Байжұма Сарбасов көшесі, шығыстан батысқа қарай сегізінші көшені – Ағожа Нүкеев көшесі, шығыстан батысқа қарай тоғызыншы көшені – Шаяхмет Абеков көшесі, Шошанай ауылының оңтүстіктен солтүстікке қарай төртінші көшені – Дүйсен Демесінов көшесі деп аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Округ әкімі | Б.Солтанбаев |