Қарасай ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 216 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасай аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.

      3. "Қарасай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны Қарасай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасары жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Карасай ауданының әкімі Ж. Естенов

  2026 жылғы "__" маусымы
  №___ қаулысына __қосымша

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Үгіт материалдарын орналастыру орны

1

Қаскелең қаласы

Абылайхан көшесі, 216, "Қарасай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

А. Асқаров және Н. Бердіқұлов көшелерінің қиылысы, "Жер ана" базарының жанында

Абылайхан көшесі, 40, "Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарасай ауданы әкімдігінің "Аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының алдында

Абылайхан көшесі, 3в, "Алтын таға" жеке дүкені ғимаратына қарама-қарсы

Сәукеле көшесі, 16а, жеке азық-түлік дүкені ғимаратының алдында

Абылайхан көшесі, 153, "Даму" сауда үйі ғимаратының жанында

А. Байғазиев көшесі, 213, "Рахат-Resort" емдеу сауықтыру кешені ғимаратының жанында

Қарлығаш шағын ауданы, 5 көппәтерлі үйдің жанында

Қаскелең қаласы, Абылайхана 1Б, КММ "Қаскелең қаласы Жайлы мектеп"

Қаскелең қаласы, Кайназар батыр 34,Қаскелең –техникалық С.Жандосов атындағы колледжі

Қаскелең қаласы, Жангозина 13А,Қаскелең гуманитралы техникалық колледжі

2

Жібек жолы ауылы

Ж. Дүйсеков және Д. Қонаев көшелерінің қиылысы, "Кенже" жеке дүкені ғимаратына қарама-қарсы

Қарасай батыр және С. Датов көшелерінің қиылысы, "Самал" жеке дүкені ғимаратына қарама-қарсы

Жібек жолы ауылы, Қарасу –Ордабасы көшесінің қиылысы, (Жаңа қазақ орта мектебі)

Жібек жолы ауылы, Байжарасов -Жібек жолы көшесінің қиылысы

3

Көлашы ауылы

Д. Қонаев және С. Шалғынбай көшелерінің қиылысы, "Райхан" жеке дүкені ғимаратының жанында

Самал көшесі, 95 Б, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б. Момышұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

4

Тұрар ауылы

Б. Ашекеев пен С. Көпбаев көшелерінің қиылысы, "Арай" жеке дүкені ғимаратының жанында

5

Әйтей ауылы

Наурыз көшесі, 4, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б. Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

Жамбыл көшесі, 8 В, "Қарасай ауданының Әйтей ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

Өмірұзақ коттедж қалашығы, Өмірұзақ-1, Өмірұзақ-2 коттедж қалашықтарын бөлу жолының жанында

6

Еңбекші ауылы

Райымбек көшесі, 2 А, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еңбекші ауылындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

7

Үштерек ауылы

Береке көшесі, 52, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үштерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

8

Іргелі ауылы

Д. Қонаев көшесі, 68, "Қарасай ауданының Іргелі ауылдық округ әкімдігі" мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

"Асыл Арман" тұрғын үй кешені, 7 көпқабатты үйдің жанында

Іргелі ауылы- (Қонаев- Ақжол көшесінің қиылысы),(Береке супермаркет)

9

Көксай ауылы

К. Қожабеков көшесі, 1, "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны "Көксай дәрігерлік амбулаториясы" жанында

Көксай ауылы- (Қожабекова- Наурызбай батыр көшесінің қиылысы),(М.Маметова атындағы мектеп)

10

Кемертоған ауылы

Ақниет көшесі, 24, облыстық маңызы бар жолдың бойында

11

Шамалған ауылы

Жібек жолы көшесі, 47, "Қарасай ауданының Шамалған ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында

Н. Әділбеков көшесі, 1, "Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорыны ғимаратының жанында

Т. Рысқұлов көшесі, 58, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шамалған орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

Жібек жолы көшесі, 54, "Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарасай аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының №2 филиалы Шамалған ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдында

Жібек жолы көшесі, 83, "Кәсіптік оқытудағы көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорыны ғимаратының жанында

Шамалған ауылы, Жибек жолы көшесі 158/А, "Атамекен тарихи- мәдени орталығы"

Шамалған ауылы, Жибек жолы көшесі166, "Үшқоңыр балалар-жасөспірімдер спорт мектебі"

12

Жандосов ауылы

Ардагерлер көшесі, 17, "Қарасай ауданының Жандосов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

Б. Темірбеков және Райымбек көшелерінің қиылысы, "Қазпошта" АҚ филиалы, Жандосов ауылдық пошта бөлімінің алдында

13

Шалқар ауылы

Абай көшесі, 69А, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шалқар ауылының орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

Абай және Жамбыл көшелерінің қиылысы, "Қазпочта" АҚ филиалы, Шалқар ауылдық пошта бөлімінің алдында

14

Райымбек ауылы

А. Байтұрсынов көшесі, 13, "Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округі әкімдігі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

15

Абай ауылы

М. Мақатаев көшесі, 30, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

Ы. Алтынсарин көшесі, 300, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М. Ғабдуллин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

Абай ауылы, Алатау 23Б, №2 Абай ауылындағы мектеп

16

Қырғауылды ауылы

С. Іңкәрбеков көшесі, 49, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Константин Ушинский атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

17

Бұлақты ауылы

Наурыз көшесі, 4, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бұлақты бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

18

Жаңатұрмыс ауылы

Ы. Алтынсарин көшесі, 300, "AiSaf" жеке меншік мектебі ғимаратының жанында

19

Долан ауылы

Долан ауылы, Көктем 1, "Долан ауылындағы жайлы мектеп"

20

Қайнар ауылы

Наурыз көшесі, 1, "Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ғимаратына қарама-қарсы

21

Бекболат ауылы

Мектеп көшесі, нөмірі жоқ, "Айдар" жеке меншік дүкенінің жанында

22

Алмалыбақ ауылы

Б. Бәсібеков көшесі, 8, "Қазпошта" АҚ пошта байланысының Алмалыбақ ауылдық филиалының алдында

М. Ерлепесов пен О. Шегебаев көшелерінің қиылысында

23

Мерей ауылы

Д. Қонаев көшесі, 7, "Қарасай ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Мерей ауылының мәдениет үйі" №3 филиалы ғимаратының жанында, "Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі. Қарасай ауданының саясаты, мәдениеті, тілдерді және спортты дамыту" ғимаратының жанында

24

Көлді ауылы

Абай көшесі, 3, "Қазпошта" АҚ пошта байланысының Көлді ауылдық филиалының алдында

25

Жалпақсай ауылы

Т. Сарбасов көшесі, 4, "Қарасай ауданының Ұмтыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

Алмалыбақ ауылы, Абирова көшесі 16, "Жалпақсай ауылындағы жайлы мектеп"

26

Береке ауылы

Б. Тамабаев пен Ж. Бабаев көшелерінің қиылысы, "Жетісу" дүкенінің жанында

Астана көшесі, 40В, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Береке ауылының орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

27

Қаратөбе ауылы

Наурызбай батыр көшесі, 40, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б. Тамабаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

28

Көкөзек ауылы

Ж. Ақымжанов көшесі, 16, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көкөзек ауылының орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

Көкөзек ауылы, Тасбогет көшесі 3, "Көкөзек жайлы мектеп"

29

Исаев ауылы

Сүйінбай көшесі, 203, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "О. Исаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

30

Жармұхамбет ауылы

Наурызбай батыр көшесі, 23, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жармұхамбет ауылының орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

31

Елтай ауылы

квартал 058,стр 834, "Елтай ауылындағы жайлы мектеп"

32

Жамбыл ауылы

Жамбыл көшесі, 24, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

Ақсай көшесі, 40, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі " Жамбыл ауылындаға №2 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

33

Қошмамбет ауылы

М. Мәметова көшесі, 2а, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

34

Ұлан ауылы

Тегіс көшесі, 14г, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Ұлан орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

35

Батан ауылы

М. Саламатов көшесі, 1г, "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Батан орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

М. Саламатов көшесі, 1а, шаруа жүргізу құқығымен "Қарасай аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны "Батан дәрігерлік амбулаториясы" ғимаратына қарама-қарсы

  2020 жылғы 19 қарашасы
  № 345 қаулысына 2-қосымша

Қарасай ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй–жайлар

      1. Қаскелең қаласы бойынша:

      1) Қаскелең қаласы, Өмірәлі көшесі, № 84, Белинский атындағы орта мектептің акт залы;

      2) Қаскелең қаласы, Әлімқұлов көшесі, № 86, Пушкин атындағы орта мектептің акт залы;

      3) Қаскелең қаласы, Байғазиев көшесі, № 91, Байжанов атындағы орта мектептің акт залы;

      4) Қаскелең қаласы, Бәрібаев көшесі, № 48, Керімбеков атындағы орта мектептің акт залы;

      5) Қаскелең қаласы, Жангозин көшесі, № 48, Сәтпаев атындағы орта мектептің акт залы.

      6) Қаскелең қаласы, 203 есептік квартал, 1394/1 жер телімі, Б.Соқпақбаев атындағы мектеп – гимназиясының акт залы

      7) Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 46, Қаскелең қаласындағы жайлы мектеп акт залы

      2. Әйтей ауылдық округі бойынша:

      1) Әйтей ауылы, Наурыз көшесі, № 4, Қосынов атындағы орта мектептің акт залы;

      2) Еңбекші ауылы, Райымбек көшесі, № 2, Еңбекші орта мектептің акт залы.

      3) Әйтей ауылы, Өмірұзақ мөлтек ауданы, 69Б, Өмірұзақ орта мектебінің акт залы.

      3. Елтай ауылдық округі бойынша:

      1) Береке ауылы, Алтынсарин көшесі, № 1, Бейсебаев атындағы орта мектептің акт залы.

      2) Көкөзек ауылы, Тасбөгет көшесі, 3, Көкөзек ауылындағы жайлы мектеп акт залы

      3) Елтай ауылы, квартал 658, 834 құрылыс, Елтай ауылындағы жайлы мектеп акт залы

      4. Жамбыл ауылдық округі бойынша:

      1) Жамбыл ауылы, Жамбыл көшесі, № 24, Жамбыл атындағы орта мектептің акт залы;

      2) Қошмамбет ауылы, Мәметова көшесі, № 2 а, Қошмамбетов атындағы орта мектептің акт залы;

      3) Ұлан ауылы, Тегіс көшесі № 14, Ұлан орта мектебінің акт залы.

      4) Қошмамбек ауылы, Шаған көшесі 58/1, Қошмамбет ауылындағы жайлы мектеп акт залы

      5. Жібек жолы ауылдық округі бойынша:

      1) Жібек жолы ауылы, Қарасу көшесі, № 110 а, Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектептің акт залы;

      2) Жібек жолы ауылы, Қонаев көшесі, № 2, Алтынсарин атындағы орта мектептің акт залы;

      3) Жібек жолы ауылы, Дүйсеков көшесі, № 42 а, Жібек жолы ауылы қазақ орта мектептің акт залы;

      4) Тұрар ауылы, Көпбаев көшесі, № 21, Байсалбаев атындағы орта мектептің акт залы;

      5) Көлащы ауылы, Байжарасов көшесі, № 2, Барибаев атындағы орта мектептің акт залы.

      6. Жандосов ауылдық округ бойынша:

      1) Жандосов ауылы, Темірбеков көшесі, № 16, Жандосов атындағы орта мектептің акт залы.

      2) Шалқар ауылы, 4 квартал 69А, Шалқар ауылындағы орта мектеп акт залы.

      7. Іргелі ауылдық округі бойынша:

      1) Іргелі ауылы, Қонаев көшесі, № 80, ауылдық мәдениет үйінің залы;

      2) Көксай ауылы, Наурызбай көшесі, № 108, Мәметова атындағы орта мектептің акт залы.

      3) Көксай ауылы, Наурызбай батыр көшесі 109/1, "Aqyldy_bala" білім беру орталығының акт залы

      4) Кемертоған ауылы, МТФ-2 көшесі 25, Кемертоған ауылындағы жайлы мектеп акт залы

      8. Бірінші Май ауылдық округі бойынша:

      1) Бекболат ауылы, Мектеп көшесі, № 2, 1 Май орта мектептің акт залы;

      2) Қайнар ауылы, Л.Боброва көшесі 3, Қайнар орта мектебінің акт залы

      9. Райымбек ауылдық округі бойынша:

      1) Райымбек ауылы, Түркістан көшесі, № 4, Әзербаев атындағы орта мектептің акт залы;

      2) Абай ауылы, Алтынсарин көшесі, № 130, Ғабдуллин атындағы орта мектептің акт залы;

      3) Абай ауылы, Мақатаев көшесі, № 30, Абай ауылы орта мектебінің акт залы;

      4) Қырғауылды ауылы, Наурыз көшесі, № 49 а, Қырғауылды қазақ орта мектептің акт залы;

      5) Қырғауылды ауылы, Іңкәрбеков көшесі, № 49, Ушинский атындағы орта мектептің акт залы;

      6) Долан ауылы, Көктем көшесі 1, Долан ауылындағы жайлы мектеп акт залы

      7) Абай ауылы, Алатау көшесі 23Б, Абай ауылындағы №2 орта мектеп акт залы.

      10. Ұмтыл ауылдық округі бойынша:

      1) Алмалыбақ ауылы, Хабибуллин көшесі, № 9, Әль–Фараби атындағы орта мектеп гимназиясының акт залы;

      2) Мерей ауылы, Мектеп көшесі, № 1, Макаренко атындағы орта мектептің акт залы.

      3) Алмалыбақ ауылы, И.Абиров көшесі 16, Жалпақсай ауылындағы жайлы мектеп акт залы

      11. Шамалған ауылдық округі бойынша:

      1) Шамалған ауылы, Өтеген батыр көшесі, № 40, М.Әуезов атындағы орта мектептің акт залы;

      2) Шамалған ауылы, Жібек жолы көшесі, № 83, Қарасай батыр атындағы орта мектептің акт залы.

      3) Шамалған ауылы, Т.Рысқұлова көшесі 58А, Шамалған ауылындағы орта мектеп акт залы

      4) Шамалған ауылы, Жібек жолы көшесі 76, Көпсалалы мамандандырылған колледж акт залы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады