Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 бабы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-ХІІ Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2023 жылы 11 мамырдағы Жетісу облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Алдабергенов ауылдық округі әкімінің м.а. ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы, Алдабергенов ауылдық округіне қарасты, Алдабергенов, Жаңалық ауылдарындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
Алдабергенов ауылы бойынша:
1) Ленин көшесі "Көшкінбай Жанатұлы" көшесіне;
Жаңалық ауылы бойынша:
1) Молодежный көшесі "Жастар" көшесіне;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алдабергенов ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Б. Татиевқа жүктелсін.
3. 2023 жылғы 12 маусымдағы Алдабергенов ауылдық округі әкімінің № 5 шешімнің күші жойылсын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алдабергенов ауылдық округі әкімінің м.а. | А. Татиев |
