"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2026 жылғы 29 сәуіріндегі облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округінің әкімі шештім:
1. Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округі Азат ауылындағы атауы жоқ "Табачная" көшесі "Иманқұлов Жолдан" көшесі, Қайназар ауылындағы атауы жоқ "Кайназаровская" көшесі "Данияров Қыдырбай" көшесі, атауы жоқ "Алматинская, Жамбыл, Б. Әбенов, О. Иманғожин" көшесі "Қалиев Мұсахан" көшесі, Рахат ауылындағы атауы жоқ "Молодежная" көшесі "Рахметов Жұмажан" көшесі, атауы жоқ "Арычная" көшесі "Молдабаев Айтақын" көшесі, Өрікті ауылындағы атауы жоқ "Речная" көшесі "Құттыбаев Құрмаш" көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Рахат ауылдық округінің әкімі | Р. Қыдырғожаев |
